Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 На карте
14
Jan
25

Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды



Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтті.

Математика, физика және информатика пәндері бойынша ең мықтыларды анықтайтын білім додасының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен және Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық олимпиададағы қазылар алқасының төрағасы Асқар Серқұлұлы қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде 15 елден келген олимпиадашылар мен 150 жуық жетекшілер назарына қазақтың өнері бар нақышында паш етілді. Сонымен қатар, академик Орымбек Жәутіковтың өмірі мен еңбегі жайлы арнайы дайындалған бейнебаян көрсетілді.

Шет елдерден келген команда жетекшілері Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының маңызын өте жоғары бағалаймыз деп атап өтті. Аталған олимпиаданың әлем елдері арасындағы достықты дамытуға да ықпалы зор. Қатысушылар да жоғары дайындықпен келгендіктерін атап өтті.

Рубрики

Вам также может быть интересно:

07
Feb
25

Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау

Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау Дәстүрлі алқа отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани…

22
Jan
25

Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев VII IMPACT OLYMPIAD жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұжымы биыл осымен VII мәрте математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв…

16
Jan
25

XXI Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы өз мәресіне жетті

XXI Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы биыл алғаш рет Астанада ұйымдастырылды. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700 жуық оқушы қатысты. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі «Бейбітшілік және келісім»…

15
Jan
25

ХЖО қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреміз!

XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасының абсолютті жеңімпаздары салтанатты жабылу рәсімінде атаулы сыйақыларға ие болды. «Fizmat Endowment Fund» Президенті Әсет Алтыбаев математика бойынша: Нұрлан Қаппаров…

15
Jan
25

ХХI Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының II кезеңі

15 қаңтар күні Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде танытты. Математика бойынша қатысушыларға 4,5 сағат берілсе,  жас физиктер тиісті тапсырманы 3…

14
Jan
25

Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!

Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…

14
Jan
25

ХХI Халықаралық Жәутіков Олипиадасының I кезеңі

14 қаңтар күні Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының алғашқы кезеңі өткізілді. Математика және физика бағытын таңдаған оқушылар Республикалық физика-математика мектебінің Астана қаласындағы филиалында; информатика бағыты…

13
Jan
25

Астана олимпиадашыларды қарсы алуда

21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…

13
Jan
25

21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді

2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…

21
Dec
24

РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!

Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…