Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі
10
Feb
25

РФММ оқушысы шахматтан Қазақстан чемпионы атанды!



Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Ерғали Сүлеймен классикалық және блиц шахмат түрлерінен Қазақстан чемпионы атанды.

Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы республикалық чемпионат Алматы қаласында ұйымдастырылды.

Қазақстанның 20 өңірінен 1000 жуық оқушы қатысқан тартысты белдесу әр ойын түрі бойынша 9 турдан тұрды.

Физмат мектебінің оқушысы Ерғали Сүлеймен классикалық және блиц шахмат түрлерінен барлық қарсыласын қапы қалдырды.

Бүгінде 10-сыныпта оқитын Ерғали шахмат ойынымен алты жастан бастап айналысады. Осы аралықта ол бірнеше ірі додада топ жарып, жүлделі орындарды жеңіп алған.

Республикалық физика-математика мектебінде 2018 жылдан бастап білім алып келе жатқан Ерғали өз мектебін тұрақты түрде барлық ірі шахмат турнирлерінде таныстырып келеді. Ол FIDE шебері, Қазақстанның жастар құрамасының мүшесі (U-16), сондай-ақ Астана қаласының ересектер командасының құрамында ойнайды.

2025 жылы Қазақстан чемпионы атанған жас шахмат шебері алдағы күзде Албания елінде өтетін әлем чемпионатында да өнер көрсететін болады. Жеңістерің көп болсын, Ерғали!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    18
    Apr
    25

    FIZMAT ОҚУШЫЛАРЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

    13-15 сәуір күндері Грекияның Родос қаласында өткен Әлем чемпионатында «РФММ» Астана филиалының 3-сынып оқушысы Анетов Әміржан және 10-сынып оқушысы Сүлеймен Ерғали шахматтың бірден…

    18
    Apr
    25

    ҚЖО іріктеу кезеңінің нәтижелері

    Құрметті ҚЖО қатысушылары! Қорытынды кезең 2025 жылғы 9-10 мамырда Алматы және Астана қалаларындағы РФММ базасында өтеді. Қорытынды кезеңге өткен қатысушыларға 2025 ж. 25…

      14
      Apr
      25

      ҒАРЫШТЫҢ СЫРЫН АШҚАН ЖАС ҒАЛЫМ

      Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 11-сынып оқушысы Нурашев Айдын республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми конкурста бірінші орынды…

      04
      Apr
      25

      ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!

      2025 жылғы 12 сәуірде: математика (6-8 сынып) физика (7-8 сынып) информатика (6-8 сынып) пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу…

        31
        Mar
        25

        Бас жүлде – РФММ-нің оқу гранты!

        2025 жылғы 19-20 сәуірде Астанада жылдам шахматтан «Fizmat Chess Open Astana 2025» халықаралық турнирі өтеді. Іс-шара «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен…

          31
          Mar
          25

          Республикалық «Бастау» турниріне қатысқан екі команда – бірінші орынды еншіледі.

          Астана қ. РФММ командалары ХVIII «Бастау» турниріне қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді! Жалпы командалық есепте Астана физмат мектебінің оқушыларынан құрылған екі команда да бірінші…

          31
          Mar
          25

          Астана қ. РФММ оқушылары математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

          Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада қорытындыланды. Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары математика бағыты бойынша жоғары нәтиже…

            28
            Mar
            25

            Биология және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадада Астана «РФММ» оқушылары жеңімпаз атанды.

            Жаратылыстану-математика бағыттағы физика және биология пәндері бойынша Астана қаласында өткен республикалық олимпиадада «РФММ» КеАҚ Астана қаласындағы филиалының оқушылары үздіктердің қатарынан көріне білді. Бес…

              21
              Mar
              25

              “РФММ” Астана филиалында – Орта Азиядағы алғашқы Apple Authorized Training Center for Education ресми жаттықтыру орталығы ашылды!

              Үлкен жетістік! Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) әлемге әйгілі Apple компаниясымен серіктес атанып, AATCE (Apple Authorized Training Center for Education) сертификатына ие болды! Бұл…

              18
              Feb
              25

              РФММ оқушысы IMC Global Round – жеңіске жетті!

              РФММ КеАҚ Астана қ. филиалының 9 сынып оқушысы Алуа Суханова 2025 жылғы 12-17 ақпан аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен International Math Challenge (IMC…