РФММ институционалдық аккредиттеуден өтті

Жаңа жыл қарсаңында мектебіміз үшін айрықша маңызды әрі қуанышты жаңалық белгілі болды.
Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің Аккредиттеу кеңесі РФММ-ге 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу беру туралы оң шешім қабылдады.
Аталған аккредиттеу алғаш рет өткізіліп, мектеп қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жан-жақты сыртқы сараптаманы қамтыды. Бағалау нәтижелері білім беру сапасының белгіленген стандарттарға толық сәйкестігін, басқару жүйесінің тиімділігін, білім беру бағдарламаларының сапасын, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін растады.
Бұл жетістік – өтіп бара жатқан жылдың ең маңызды қорытындыларының бірі әрі бүкіл мектеп қауымдастығының жүйелі, үйлесімді және мақсатты еңбегінің нәтижесі. Атап айтқанда, әкімшілік ұжымның, педагогтер мен қызметкерлердің, білім алушылар мен ата-аналардың бірлескен жауапкершілігі мен ынтымақтастығы бұл табысқа тікелей үлес қосты.
Барша мектеп қауымдастығын осы елеулі жетістікпен құттықтаймыз!
Алдағы жылда да сенімді даму жолын жалғастырып, биік мақсаттарға бірге қол жеткіземіз деп сенеміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Жас дарын жүлдесі
РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды
Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…
⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!
Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…
✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!
РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…
Мектеп мақтанышы!
8 «В» сынып оқушысы Сариев Нурамир Дарханұлы Бангкокта (Таиланд) өткен “Jiu-Jitsu World Cup 2025” жарысында қола медальға ие болды! Бұл жетістік — қажырлы еңбектің,…

