Хабарландыру
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!
2026-2027 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген бағасымен танысуды сұраймыз.
«РФММ» КеАҚ филиалдарындағы білім беру қызметтерінің бағасы 2026 жылғы 23 сәуірдегі Басқарма отырысының № 08 хаттамасымен қабылданған шешімге сәйкес бекітілді.
2026-2027 оқу жылы үшін Астана қаласы РФММ КеАҚ филиалында оқу құны:
- 1-8 сыныптар үшін – 3 000 000,00 теңге
- 9-11 сыныптар үшін – 2 800 000,00 теңге;
- Оқуын жалғастырып жатқан 9-11 сынып оқушылары үшін – 2 800 000,00 теңге;
- 1-8 сыныптарда оқитын шетел азаматтары үшін – 4 000 000,00 теңге;
- 9-11 сыныптарда оқитын шетел азаматтары үшін – 3 800 000,00 теңге;
- Мамандандырылған 9, 10, 11 сыныптарға арналған Advanced Placement бағдарламасы– 400 000,00 теңге;
- 9, 10, 11 сыныптарға арналған қосымша курс шеңберіндегі Advanced Placement бағдарламасы (таңдау бойынша бір пән) –30 000,00 теңге.
Кіру жарнасының мөлшері оқу құнының 10% құрайды (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетел азаматтарын қоса алғанда).
Ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету шарттарындағы төлем кестесі:
- Қайтарылмайтын, түсу жарнасы шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде енгізіледі (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін);
- 1 транш — шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
- 2 транш — 2026 жылғы 15 тамызға дейін;
- 3 транш — 2026 жылғы 15 қарашаға дейін;
- 4 транш — 2027 жылғы 15 наурызға дейін.