7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Іріктеу Қазақстанның жеті қаласында ұйымдастырылды.
Үміткерлерге 30 тапсырмадан тұратын тест ұсынылып, ең жоғары балл 150 болды. Тест тапсырмалары ашық жауап форматында беріліп, жауаптар бүтін сан ретінде қабылданды.
Конкурстық іріктеу қазақ және орыс тіліндегі оқыту бөлімдері бойынша бөлек өткізілді. Әр бөлімге жеке тапсырма нұсқалары әзірленіп, емтихан бірыңғай талаптар мен регламент негізінде ұйымдастырылды. Бағалау критерийлері мен өткізу тәртібі барлық үміткерлер үшін бірдей болды, бұл тең мүмкіндік пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталды.
Білім беру гранттарының саны жыл сайын түлектер санына, филиалдардың қабылдау мүмкіндігіне және сыныптарды жасақтау қажеттілігіне сәйкес айқындалады.
Іріктеуге барлығы 8050 үміткер қатысты.
Алматы қаласы:
• Қатысушылар: 2890 / 1509
• Грант саны: 120 / 78
• Шекті балл: 100 / 83
Астана қаласы:
• Қатысушылар: 2076 / 1575
• Грант саны: 49 / 47
• Шекті балл: 114 / 97
РФММ дарынды оқушыларды қолдау және олимпиадалық білім беруді дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздарына, «Мың бала» жобасы және ауыл мектептері оқушылары арасындағы жарыс жеңімпаздарына, сондай-ақ Fizmat Chess Open турнирі жеңімпаздарына білім беру гранттары да қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аталған конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша «РФММ» КеАҚ Басқармасына жоғары балл жинағанымен, грантқа өте алмаған оқушылар үшін білім беру гранттарының санын арттыру мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берді. Сұрақтың шешімі министрліктің бақылауында.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…
«Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирінде топ жарғандар
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі нағыз интеллектуалды тартыс алаңына айналды.Екі күн бойы қатысушылар 11 турдан…
Ашық есік күні және Байқау тесті
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық…
Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…