Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Астана қ. филиалы
03
Aug
26

Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы



Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына тың серпін беретін жобаны жүзеге асырып үлгерді.

 

Олар өз командасымен бірге Neuralese атты білім беру платформасын әзірледі. Бұл жоба мектеп оқушыларына бағдарламалау тілдерін меңгермей-ақ жасанды интеллект модельдерін құруға мүмкіндік береді. Күрделі кодтың орнына қарапайым әрі интуитивті визуалды орта ұсынылып, оқушылар нейрондық желілер мен машиналық оқытудың жұмыс істеу қағидаларын тәжірибе жүзінде оңай игере алады.

РФММ оқушыларының бастамасымен дүниеге келген жоба халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, бірқатар беделді жетістіктерге қол жеткізді:
АҚШ-та өткен әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауы Regeneron ISEF финалисі атанып, Special Award арнайы сыйлығын иеленді;
20-дан астам елдің үздіктерін біріктірген InfoMatrix Asia халықаралық олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды;
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанды.

Бүгінде Neuralese – жай ғана идея емес, тәжірибеде қолданылып жатқан нақты білім беру өнімі. Команда бес пилоттық бағдарламаны сәтті өткізіп, оған 200-ден астам мектеп оқушысы мен студент қатысты. Сонымен қатар жоба 350-ден астам стартап арасынан іріктеліп, Astana Innovations Accelerator акселерациялық бағдарламасының үздік 25 жобасының қатарына енді. Сондай-ақ Neuralese стартапы Alem AI алаңында өткен Pizza Pitch байқауының финалында бақ сынаған үздік 10 команданың қатарынан көрінді.

Алдағы кезеңде Neuralese жобасын Астана қаласының білім беру ұйымдарында пилоттық форматта енгізу жоспарланып отыр.

РФММ – жасанды интеллект пен болашақ технологияларын дамытып жүрген жас таланттардың ордасы. Дарынды шәкірттерімізді мақтан тұтамыз!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    28
    Sep
    26

    «Халық таңдауы»: Астаналық РФММ оқушысы «Qyzyl Book Art» республикалық байқауында жеңіске жетті

    Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 11-сынып оқушысы Оспан Мади «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық балалар суреті байқауында «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды….

      07
      Sep
      26

      Мықты мұғалім — мықты мектеп

      РФММ Астана филиалының информатика пәні мұғалімі Қульжин Қайнар Нұрланұлы Apple Certified Teacher (ACT) кәсіби сертификатына ие болды. Бұл — арнайы емтихандар мен практикалық…

        01
        Sep
        26

        Жаңа оқу жылын бірге бастаймыз!

        Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және «Республикалық физика-математика мектебінің» барша ұжымы! Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын…

          24
          Jun
          26

          ХАБАРЛАНДЫРУ!

          Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

            10
            Jun
            26

            8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті

            Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…

              08
              Jun
              26

              Хабарландыру!

              Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

                18
                May
                26

                7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

                12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

                  16
                  May
                  26

                  7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

                  2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

                    05
                    May
                    26

                    FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!

                    Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…

                      04
                      May
                      26

                      Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026

                      2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…