Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

Fizmat Chess Open

«Fizmat Chess Open Astana 2025» халықаралық жылдам шахмат турнирінің

ЕРЕЖЕCІ

 

    1. МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

      1.1. Қазақстан Республикасы бойынша оның ішінде Астана қаласы, Ақмола облысы және өзге де өңірлердегі оқушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау және дамыту.
      1.2. Шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру.
      1.3. Cалауатты өмір салтын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
      1.4. РФММ – ді насихаттау.
      1.5. Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің демеушілік гранттарының иегерлерін анықтау.

    2. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

      2.1. Аталған турнирдің ұйымдастырушысы – «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдау білдіруімен Республикалық физика-математика мектебінің Астана қаласындағы филиалы (әрі қарай «РФММ» КеАҚФ) болып табылады.
      2.2. «РФММ» КеАҚФ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ойын алаңын, турнирдің ашылуы мен жабылуын ұйымдастыруды, турнирге еріктілерді тартуды, медициналық көмек көрсетуді, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді, ақпараттық қолдауды жүзеге асырады.

    3. ӨТКІЗІЛУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОРНЫ

      3.1. Турнир 2025 жылдың cәуірдің 19-20 күндері Астана қаласы, Түркістан көшесі, 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өтеді.

    4. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

      4.1. Турнир ФИДЕ ережелері бойынша Швейцария жүйесімен 11 турдан тұрады және «Swiss-manager» компьютерлік жеребесі қолданылады.
      4.2. Уақытты бақылау – партия соңына дейін әр жүріске 2 секунд қосу арқылы әр қатысушыға 10 минут беріледі. Партия жазылмайды.
      4.3. Сайыс халықаралық ФИДЕ рейтингін есепке ала отырып өткізіледі.
      4.4. Егер қатысушы турға 10 минуттан артық кешігіп келсе, ол жеңіліс болып есептеледі.
      4.5. Читерлік бақылау ФИДЕ античитерлік ережелеріне сәйкес, стандартты қорғау деңгейінде жүзеге асырылады. Турнир қатысушыларына ойын аймағында кез келген электронды құрылғыны (ұялы телефон, сағат және т.б.) пайдалануға тыйым салынады.
      4.6. Апелляция – даулы мәселелерді шешу үшін техникалық кеңесте құрамы: Төраға, 2 негізгі мүше және 2 қосымша мүше болатын бес адамнан тұратын Апелляциялық комитет (АК) құрылады:

    • ойыншы судьялардың кез келген шешіміне шағымдана алады, апелляцияны жазбаша түрде, тур аяқталғаннан кейін 10 минут ішінде АК-ға тапсыруы тиіс, апелляциялық жарна құны 30 000 теңгені құрайды;
    • Апелляциялық комитеттің шешімі соңғы шешім болып табылады;
    • егер апелляция қанағаттандырылса, апелляциялық жарна толық көлемде қайтарылады.

    4.7. Турнирға өтінім жіберу және оған қатысу арқылы қатысушы турнирдің осы Ережелерімен келісетіндігіне келісім береді.

    1. ТУРЛАРДЫҢ КЕСТЕСІ

    Ашылуы19 сәуір10.00
    1 тур19 сәуір11.00
    2 тур19 сәуір11.50
    3 тур19 сәуір12.40
    4 тур19 сәуір13:30
    5 тур19 сәуір14.20
    6 тур19 сәуір15.10
    7 тур20 сәуір10.00
    8 тур20 сәуір10.50
    9 тур20 сәуір11.40
    10 тур20 сәуір12.30
    11 тур20 сәуір13.20
    Жабылуы және марапаттау рәсімі20 сәуір14.00

     

    1. ТУРНИР ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

    6.1. Турнирге қатысуға:

    • 5 жастан 16 жасқа дейінгі барлық қатысушылар жіберіледі, 9-сыныптан жоғары сынып оқушылары қатыса алмайды; қатысушылар саны шектеулі, 300 адамнан аспайды.
      6.2. Турнир жарнасы – 12 000 (он екі мың) теңге. Қатысушы турнирден шығып кеткен жағдайда жарна қайтарылмайды.
      6.3. Турнирлік жарна төмендегідей төленеді: өтінім формада телефон нөмірін көрсеткен кезде Kaspi нөміріне есепшот жіберіледі. Есепшот төленгеннен кейін қатысушының тіркеуі растау ретінде есептеледі.
      6.4. Қатысушылар 17 сәуірге дейін өтінімді электронды форма арқылы жіберіп, барлық қажетті ақпаратты толтыруы қажет: https://forms.gle/11PME3x4MPhnTKrT6 және төлем құжатын тіркеу керек.
      6.5. Қатысушының старт тізімінде болғанын тексеру үшін мына сілтемеге кіру қажет: https://chess-results.com/tnr1141256.aspx?lan=1
    • Егер қатысушының аты-жөні келесі күні тізімде жоқ болса, WhatsApp арқылы байланысқа шығу қажет: https://wa.me/77079505460
    1. ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

      1. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңгені құрайды.
      7.2. Республикалық физика-математика мектебінің екі демеушілік грантты сыйақы ретінде ұсынылады: бір грант ер балалар арасындағы үздікке, екінші грант дарынды шахматшы қызға беріледі.
      7.3. Турнир ұйымдастырушылары жүлде санын және оның мөлшерін арттыру құқығын өздеріне қалдырады.

    2. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

      1. Турнирдің жеңімпазы ең көп ұпай жинаған қатысушы болып саналады. Егер ұпайлар тең болса, жеңімпаздар келесі талаптар бойынша анықталады:

    • қысқартылған Бухгольц коэффициенті (бірде бір төмен ұпайсыз);
    • Бухгольц коэффициенті;
    • жеке кездесу нәтижесі;
    • ең көп ұтыс саны;
    • қара тастармен ойнаған партиялар саны көп болған қатысушы.
      8.2. Турнир жеңімпаздары РФММ-ға білім алу үшін демеушілік грантқа үміткер бола алады, 7, 8 немесе 9 сыныптардан бастап оқуын РФММ-да жалғастыра алады.
      8.3. Егер турнирдің жеңімпазы 6 сынып оқушысы болса, грантты 6 сыныпты бітірген соң ала алады. Егер жеңімпаз 6 сыныптан төмен сыныптың оқушысы болса, грант келесі жүлдегерге беріледі, ал ол ақшалай сыйлыққа үміткер бола алады.
      8.4. Егер жеңімпаз РФММ оқушысы және грант иегері болса, ол тек ақшалай сыйақы ала алады, грант келесі жүлдегерге беріледі.
      8.5. Егер жеңімпаз гранттан бас тартса – онда грант келесі жүлдегерге берілмейді.
      8.6. Грант иегері Қазақстан Республикасының азаматшысы болуы тиіс, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлға тек ақшалай сыйақы ала алады.
      8.7. Жеңімпаздың заңды өкілі турнир аяқталғаннан кейін екі апта ішінде мектеп директорының атына жазылған оқуға қабылдау туралы өтінішті мектепке тапсыруы тиіс.
      8.8. Әр секциядағы бірінші үш орын алғандарға 1 қосымшаға сәйкес ақшалай сыйақылар, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушы тараптың шешіміне қарай кубок немесе диплом, медаль және естелік сыйлықтар беріледі. Төртінші және тоғызыншы орындар арасында ақшалай және 1 қосымшаға сәйкес естелік сыйлықтар табысталады.
      8.9. Әр жүлдегер тек бір ғана жүлдеге (ең жоғары) үміткер бола алады.
      8.10. Жүлде қорының төлемдері турнир аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қолма қол төлемсіз жүргізіледі. Сыйлық алу үшін қатысушының ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесін, туу туралы куәлікті және банктік реквизиттерді ұсынуы қажет.
      8.11. Жарнамалық мақсатта берілген тауарлардан басқа барлық сыйлық түрінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салық ұсталады.

    Ескертпе: Ұйымдастырушылар бұл ережелерді, ФИДЕ ережелерін және моральдық-этикалық нормаларды бұзған қатысушыларды турнирге қатыстырудан бас тарту немесе шығару құқығына ие.
    Қатысушыларды тіркеу 2025 жылдың 17 сәуірінде сағат 18:00-де аяқталады.
    Тіркелу 300 қатысушы тіркелген жағдайда белгіленген мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
    Әр қатысушы 19 сәуір күні сағат 8:00-ден 9:30-ға дейін РФММ ғимаратынан қатысушы бейджін алуы тиіс.
    Бұл ереже турнирге ресми шақыру болып табылады.

    Ұйымдастырушылардың байланыс деректері: email: gmchessinfo@gmail.com
    WhatsApp https://wa.me/77079505460 (Нұрәли Ерғалиұлы)
    Ұялы телефон: +7 707 950 5460
    Жеребе мен старт тізімдерін сайттан көруге болады: https://chess-results.com/tnr1141256.aspx?lan=1
    Instagram: astana.fizmat

    «FIZMAT CHESS OPEN ASTANA 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫЛДАМ ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ

    ЕРЕЖЕСІНЕ №1 ҚОСЫМША

     

    АТАУЫАҚШАЛАЙ ЖҮЛДЕ ҚОРЫН БӨЛУ СОМАСЫ (ТЕҢГЕ)ЕСКЕРТПЕ
    Жүлде қорының жалпы құны1 200 000
    Жалпы есепте
    11 орынРФММ-нің демеушілік гранты * + 200 000 теңгеКубок, диплом, медаль
    22 орын160 000 теңгеДиплом, медаль
    33 орын110 000 теңгеДиплом, медаль
    44 орын90 000 теңге
    55 орын70 000 теңге
    66 орын60 000 теңге
    77 орын50 000 теңге
    88 орын40 000 теңге
    99 орын30 000 теңге
    Қыздар арасында
    101 орынРФММ-нің демеушілік гранты * + 120 000 теңгеКубок, диплом, медаль
    112 орын90 000 теңгеДиплом, медаль
    123 орын70 000 теңгеДиплом, медаль
    РФММ-ның ұлдар арасындағы ең үздік шахматшысы
    131 орын35 000 теңге
    РФММ-ның қыздар арасындағы ең үздік шахматшысы
    141 орын35 000 теңге
    12 жасқа дейінгі ең үздік шахматшы
    151 орын40 000 теңге

     

    *РФММ ДЕМЕУШІЛІК ГРАНТЫ РФММ-де оқудың барлық кезеңін толық қамтиды, егер мына талаптар орындалса:

    Профильді пәндердің (алгебра, геометрия, физика, информатика, ағылшын тілі пәндері) әрқайсысы бойынша қорытынды жылдық баға 4-тен төмен болмауы тиіс. Барлық пәндер бойынша жылдық орташа қорытынды балл 4.0-тен төмен болмауы керек.

    Егер бұл шарттар орындалмаса, оқушы гранттан қағылады және оқуын ақылы негізде жалғастыра алады.

    *ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жатады, жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке төлем жасау төлем жүргізуші тарапынан жүзеге асырылады.