Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 Картада

Қауіпсіздік

Мектеп – ең қауіпсіз аймақ

   Балалардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды  қамтамасыз ету – мектептің басты міндеттерінің бірі. «РФММ» КеАҚ Астанадағы филиалында оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізіледі.

Мектеп ғимаратының іші және оған еншілес іргелес аумақта тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі орнатылған:

дабыл беру құралдары (дабыл түймелері) орнатылған және Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылған;

күзет қызметін көрсетуге арналған тиісті лицензиясы бар субъектімен шарт жасалған;

автоматты өрт дабылы, ескерту және эвакуацияны басқару жүйелері, бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек кірістер мен шығулар, сондай-ақ өткізу жүйесі (Face ID) жұмыс істейді.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мектепте оқушылар үшін де, мектептің барлық қызметкерлері үшін де күдікті зат табылған жағдайдағы, кепілге алынған және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (су тасқыны, жер сілкінісі, өрт және т.б.) туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, оның негізінде жүйелі түрде тәжірибелік сабақтар өткізіледі. РФММ әрқашан оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоғары стандарттарына қол жеткізуді мақсат етеді.