Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 Картада

Жеңілдіктер

Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ оқушыларға жеңілдік беру туралы Ережеге сәйкес (26.08.2022 жылы бекітілген, № 21 хаттама) Астана қ. «РФММ» КеАҚ филиалы бейінді пәндерді тереңдетіп оқытуда әлеуеті жоғары мектептің дарынды балаларының ішінен әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында оқуға жеңілдік алу үшін ата-аналардан/заңды өкілдерден өтініштерді қабылдауға тіркеуді ашады.

Жеңілдіктер санаты:

  • Мүгедек балалар «РФММ» КеАҚ оқушылары;
  • Қызметкерлердің балалары;
  • Қызметкерлердің немерелері;
  • Көп балалы отбасы;
  • Толық емес отбасы;
  • «РФММ» КеАҚ мектебінде 2 және одан да көп оқушы;
  • Қандас-бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, тарихи отанына келген және 14.07.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 13-тармағында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақтар немесе оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.

 

Өтінішті 2023 жылғы 20 қараша сағат 18.00-ге дейін беру қажет (тіркеудің жабылу уақыты мен күні).

Өтініш беру үшін мына сілтемеге өтіңіз