Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 На карте
23
Oct
23

РФММ Астана «Ашық есік күнін» өткізді



2023 жылдың 21 қазанында РФММ-де 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналарға  арналған «Ашық есік күні» және білім беру орталықтарының көрмесі өтті. Қонақтарға РФММ-ның 9-11 сынып оқушыларының сүйемелдеуімен мектеп бойынша экскурсия ұсынылды. Қонақтар оқу орталықтары мен мектеп клубтарының көрмесімен танысып, “Apple класс”, кітапхана, спорт залын аралады.

Акт залында мектеппен таныстыру мақсатында мектеп директоры Кенжалин Думан Жүзбайұлы сөз сөйледі. Оқу жетістіктері мен оқу үдерісіндегі жаңалықтармен бөлісіп, мектептің мақсат-міндеттеріне тоқталды. Думан Жүзбайұлы оқуға түсу шарттары, қабылдау емтихандары және оқушыларға қолжетімді қосымша білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті. Ата-аналар мен оқушылар РФММ-ге  түсуге қатысты сұрақтар қойып, толық ақпарат ала алды.

Іс-шара бағдарламасы бойынша мектептің өзін-өзі басқару өкілдері сөз сөйледі, жоғары және орта мектептің президенттері Әбдірахман Нұралы мен Нұғманова Аружан студенттік үкіметтің қызметі туралы сөз сойледі. Момын Мадина (9D сынып) және Алеманова Ясмина (8D сыныбы) Халықаралық шахмат турнирінің қорытындысы бойынша білім грантына ие болған және физикадан Республикалық олимпиаданың жеңімпазы, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі Ақанов Альтаир (9Н сынып) мектеп оқушыларының жетістіктері, түрлі интеллектуалдық сайыстар туралы айтып берді. Соңғы болып шақырылған білім беру орталықтарының өкілдері сөз сойледі.

Кітапханада Астана қаласының білім беру орталықтарының өкілдері мен КеАҚ «РФММ» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары М.А. Күнғожиннің қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда сынақ және қабылдау емтихандарың ұйымдастыру ерекшеліктері талқыланды. 

Атриумда іс-шара барысында «SANA» Жаңа ұрпақ орталығы, «Senim School» білім беру орталығы, және «FIZMAT ACADEMY» қосымша білім беру орталықтарының көрмесі өтті. Олар өздерінің білім беру бағдарламаларын ақпараттық стендтер мен үлестірме материалдар арқылы таныстырды. 

Рубрики

Вам также может быть интересно:

07
Feb
25

Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау

Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау Дәстүрлі алқа отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани…

22
Jan
25

Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев VII IMPACT OLYMPIAD жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұжымы биыл осымен VII мәрте математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв…

16
Jan
25

XXI Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы өз мәресіне жетті

XXI Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы биыл алғаш рет Астанада ұйымдастырылды. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700 жуық оқушы қатысты. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі «Бейбітшілік және келісім»…

15
Jan
25

ХЖО қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреміз!

XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасының абсолютті жеңімпаздары салтанатты жабылу рәсімінде атаулы сыйақыларға ие болды. «Fizmat Endowment Fund» Президенті Әсет Алтыбаев математика бойынша: Нұрлан Қаппаров…

15
Jan
25

ХХI Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының II кезеңі

15 қаңтар күні Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде танытты. Математика бойынша қатысушыларға 4,5 сағат берілсе,  жас физиктер тиісті тапсырманы 3…

14
Jan
25

Бүгін Impact Olympiad 2025 басталды!

Құрметті достар, көптен күткен сәт келді! Бүгін Астанада мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларына арналған Impact Olympiad халықаралық байқауы басталды. Impact Olympiad — бұл:…

14
Jan
25

ХХI Халықаралық Жәутіков Олипиадасының I кезеңі

14 қаңтар күні Халықаралық Жәутіков Олимпиадасының алғашқы кезеңі өткізілді. Математика және физика бағытын таңдаған оқушылар Республикалық физика-математика мектебінің Астана қаласындағы филиалында; информатика бағыты…

14
Jan
25

Астанада 21 Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталды

Жиырма жыл қатарынан Республикалық-физика математика мектебінің ұйымдастыруымен Алматыда өткізіліп келген Халықаралық Жәутіков олимпиадасы биыл алғаш рет қатысушыларды Астана төрінде қабылдады. Олимпиаданың салтанатты ашылу…

13
Jan
25

Астана олимпиадашыларды қарсы алуда

21 Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын «Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы әуежайдан қазақ халқына тән ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуда. Қазақстан жеріне алғашқы болып, Болгария елінің…

13
Jan
25

21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы алғаш рет Астанада өтеді

2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700-ге…