Жеңілдіктер
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ оқушыларға жеңілдік беру туралы Ережеге сәйкес (26.08.2022 жылы бекітілген, № 21 хаттама) Астана қ. «РФММ» КеАҚ филиалы бейінді пәндерді тереңдетіп оқытуда әлеуеті жоғары мектептің дарынды балаларының ішінен әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында төмендегі санаттағы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.
Жеңілдіктер санаты:
- Мүгедектігі бар балаларға;
- Қызметкерлердің балалары;
- Қызметкерлердің немерелері;
- Көп балалы отбасына;
- Толық емес отбасына;
- «РФММ» КеАҚ мектебінде 2 және одан да көп баласы оқитын отбасыларына;
- Қандас-бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, тарихи отанына келген және 14.07.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 13-тармағында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақтар отбасылары.