Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 Картада
Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
Республикалық физика
математика мектебі

Информатика және робототехника кафедрасы

Кафедра жұмысының мақсаты – білім берудің жаңа стандартының талаптарына сәйкес оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің заманауи сапасын қамтамасыз ету.

Кафедраны, зерттеуші мұғалім, робототехника бойынша Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы, алғашқы Apple мұғалімі Мағауин Қуаныш Меркенұлы басқарады.

Информатика және робототехника кафедрасында 10 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде: 3 – жоғары санатты мұғалімдер, 3 – бірінші, 2 – екінші санатты мұғалімдер, сондай-ақ жас мамандар, олардың ішінде Назарбаев Университетінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Сүлейман Демирел атындағы университеттің түлектері.

Кафедра мұғалімдері: Игілік Ботагөз Тасболатқызы, Мырзахмет Әнуар Бақытжанұлы, Кабланбекова Бахтыгуль Амиргазиновна, Әзімбаева Айжан Мұқатайқызы, Минулин Арнольд Альбертович, Игембаев Бахтияр Анварович.

Пәндерді оқыту оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Мұғалімдер жаңа педагогикалық STEM, SMART – технологияларды қолданады.

Информатика сабағы 1-11 сыныптарда оқытылады. Бастауыш сыныптар Scratch ортасында, робототехниканы Lego Ev3 негізінде оқиды. Бесінші сыныптан бастап оқушылар Python тілінде бағдарламалай бастайды. Жоғары сынып оқушылары Java тілінде жоғары математика мен физиканың күрделі есептерін бағдарламалайды. Оқушылар үшін Web әзірлеу (HTML/CSS, javascript) (7-8 сынып); Графика және жобалау (7-9 сынып); Робототехника (5-6кл.); Жобалау қызметі (Arduino, Raspberry Pi ) (7-11сынып) бойынша қосымша элективті курстар ұйымдастырылған; сондай-ақ кафедрада бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв жұмыс жасайды (7-11 сынып);

Олимпиадалық бағдарламалауды және Яндекс лицейді қосымша білім беру  сабақтарын Қазыбаев Болат Бақытжанұлы, Хамиев Изат Қайратұлы, Хасен Расул Серікұлы, Әзімов Шерхан Ермолұлы педагогтары жүргізеді.

Информатика және бағдарламалау сабақтарын өткізу үшін заманауи білім беру техникасымен жабдықталған алты кабинет бөлінді. Робототехника сабақтары арнайы жабдықталған зертханада өткізіледі, бұл тек робототехника дағдыларын игеруге ғана емес, сонымен қатар ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кафедраның барлық жұмысы өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауға қабілетті көшбасшыны қалыптастыруға бағытталған.