Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 Картада

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында “мұғалім-шебер” біліктілігі бар мұғалімдер жұмыс істейді: А.Ж. Казимова, Г.С. Райшханова – химия мұғалімдері, Л.Н. Алиева, В.Ж. Бекдаирова – география мұғалімдері.

Кафедрада жұмыс істейтін мұғалімдер, орта білім беру жүйесіндегі танымал көшбасшылар және педагогикалық еңбек шеберлері, “Жыл мұғалімі”, “Педагогикалық идеялар фестивалі”, “Педстарт”, “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсының қатысушылары мен жүлдегерлері, тест тапсырмаларының, жоғары оқу орындарының химия бойынша оқу бағдарламаларының авторлары мен сарапшылары және республикалық аппеляциялық ҰБТ бойынша комиссия мүшелері. Олимпиадалық резервті дайындау бойынша жаттықтырушылар, оқу-әдістемелік кешендердің, әдістемелік құралдар мен цифрлық ресурстардың авторлары.

Казимова Айгүл Жұмашқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану, математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сыныпқа арналған “Оқуға арналған кітаптар” авторы. Жаратылыстану – математикалық бағыттағы сыныптарға арналған “Адам және қоршаған орта” бағдарламасының тең авторы, 8-11 сыныптарға арналған “химик-зертханашы”, жоғары оқу орындарына арналған химия бойынша оқу бағдарламаларының сарапшысы.

Райсханова Гүлжанат Советовна – педагогика ғылымдарының магистрі, деңгейлік бағдарламалар бойынша жаттықтырушы және сарапшы, “Педагогикалық идеялар фестивалінің” екі мәрте жүлдегері (1 және 2 орын), “Педстарт 2019” байқауының жеңімпазы, “Мұғалім инноватор – 2019” байқауының финалисті. 7-8,11 сыныптарға арналған химия бойынша ОӘК бірлескен авторы, химия бойынша цифрлық ресурстарды әзірлеуші, жоғары оқу орындарына арналған химия бойынша BMG және оқу бағдарламаларының сарапшысы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының химия бойынша жұмыс тобының мүшесі, мектептегі жас мұғалімдердің тәлімгері.

Әлиева Лазат Нургалыковна – 2019 жылғы “Үздік педагог” байқауының жеңімпазы, 10-11 сыныптарға арналған “Арман-ПВ” басылымының “География” оқулықтарының және оқу-әдістемелік материалдардың авторы. “Жас өлкетанушылар” (Астанатану) бағдарламасының авторы.

Бекдаирова Венера Жандосовна – “QazaqGeography” РҚБ қауымдастығының мүшесі, НЗМ АҚ біліктілікті арттыру курстарының үшінші деңгейлі сертификатына ие, 9-сыныпқа арналған география бойынша әдістемелік нұсқаулықтың, “Алматыкітап” баспасының тең авторы, география пәні бойынша цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының химия пәні бойынша жұмыс тобының мүшесі, республикалық авторлық бағдарламалар мен педагогикалық инновациялар конкурсының қатысушысы және жүлдегері.