Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 Картада
30
Apr
24

Табысқа жетелеген даңғыл жол



Рахат Омашевна Әзімбаеваның еңбек жолы 1991 жылы Абай облысындағы Қарауыл ауылындағы Абай атындағы орта мектептен басталып, кейін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Налобин орта мектебінде жалғасты. Одан соң Петропавл қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде қызмет істеді. Осы білім ордасында жүргенде ізденімпаздығымен көзге түсіп, әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болды. Қазақ тілін оқытуға байланысты көмекші құралдары жарық көрген. 2019 жылы республикалық «Үздік педагог» атағын иеленді. Мемлекет басшысының қолынан II дәрежелі «Барыс» орденін алды. Бұдан басқа да қол жеткізген жетістіктері көп. Астанаға келгеніне көп уақыт болмаса да, қазір ол республикалық физика-математика мектебіндегі маңдайалды ұстаздың біріне айналды.

Сұхбатында Рахат Омашевна оқыту тәсілдері, заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктерімен бөлісіп, XXI ғасырдағы мектеп түлегі қандай болуы керек екендігі туралы ойымен бөлісті.

Физика-математика мектебінде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үшін қандай әдістер мен тәсілдерді қолданасыз?

Республикалық физика-математикалық мектепте іріктеуден өткен, математика мен физика пәндеріне бейім оқушылар оқиды. Алайда, қай пән болса да оқушы кез келген есепті ауызша түсіндіре алуы тиіс, сонымен қатар біздің оқушыларымыз түрлі олимпиадалар мен сайыстарға қатысады. Сабақта оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту үшін әртүрлі ойындар қолданылады. Ойын технологиясы оқушының іскерлік қасиетін қалыптастырады. Түрлі грамматикалық тапсырмалар арқылы ойын сюжеті құрылады. Ойын оқушының тез ойлай білу дағдысын қалыптастырады. Ойын шарты алдын-ала белгілі болғанмен, ойын барысындағы күтпеген жағдайларда оқушы тез шешім қабылдай білуге жаттығады. Қазақ тіліне үйрету тек сабақта жүргізілмейді, биылғы мектепте өткізілген шараладың 80 пайызы қазақ тілінде болды. Осындай қазақ тілінде өтетін сыныптан тыс шаралар арқылы баланың санасына қазақы ұғымды сіңіре берсем деймін.

Мектеп оқушылары арасында қазақ тілін үйренуге деген ынтаны арттыру үшін қандай іс-шараларды қолдану қажет деп ойлайсыз?

Әр сабақ алдында мен өзіме «Не үшін?»,  «Нені ?», «Қалай оқытамын?» деген сұрақтарды қойып, «Бүгінгі сабақта  қалай нәтижеге жетемін?» деген сұрақтың шешімін іздеймін. Менің мақсатым – оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Қазақ тілін оқыту барысында мен үшін оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамда тілдік дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру маңызды. Оқушыларым сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы әр сабақ сайын алған білімдерін одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, қалай қолданылатынын көрсетеді. Сондықтан алдымен талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас жаттығулар орындайды. Мысалы, сабақта шағын жобалар қорғау, «TED x» форматында сөйлеу, рөлдік ойындады ойнау арқылы тілдерін жаттықтырады. Тапсырмаларды орындау үшін оқушыға алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек. Берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы ақпаратты өз бетімен өңдейді, талдайды және шешім қабылдайды.

Енді балаларды бұрынғы білім жүйесімен оқыта алмаймыз. Оқушыларды осыдан отыз, жиырма, тіпті он жыл бұрынғы мектеп түлектерімен салыстыру мүмкін емес. Меніңше, оқушыға тек пән арқылы білім беріп қана қоймай, оларды жаңа заманға икемдеп, дағды қалыптастыру керек.

Оқыту тәсілдерінің қандай ерекшеліктері оқушылар арасында табысқа жетуге көмектеседі?

Қазіргі ақпарат заманында білім саласына қойылатын талаптар да күн сайын күшейіп келеді. Сондықтан мұғалімдер әлемде болып жатқан заманауи үрдістерден қалмау үшін, қоғамда болып жатқан ақпараттық технологияларды игеруге тырысуда. Бүгінгі таңда білім берудің мазмұны, парадигмасы жаңарды, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Білім саласында үнемі өзгерісте, сондықтан бір орында тоқтап қалуға болмайды. Үне­мі алға жылжып отыру керек. Сондықтан әр кезеңге байланысты сабақтағы әдіс-тәсілдер де өзгереді. Ол – заңдылық. Әр кезеңнің өз талабы бар. Мәселен, бұрынғы мен бүгінгі оқушы арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Өйткені қазіргі уақыт – жаңа технологиялар ғасыры десек, соған лайықты білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Бұл ретте ұстаздарға түсіп отырған салмақ та жеңіл емес. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған инновациялық технологияларға сүйене отырып, қарқынды дамып келе жатқан өзгерістерге тез бейімделетін, жаңаша ойлайтын тұлға қалыптастыру алдымызда тұрған мақсат. Осы мақсатқа жету үшін қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытатын жаңа технологияларды қолданудамын. Заманауи технологиялар ұстаз бен оқушыға аз ғана күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ақпарат көздерімен жұмыс жасап, оқу үдерісіне белсене қатысу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқуға деген ынтасын арттырады. Мен тәжірибемде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Солардың бiрi — сын тұрғысынан ойлау. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерiнен құралады.

Кейде «мектептегі білім жүйесі бұрынғыдай емес» деген пікірді естиміз. Қазір уақыт басқа. Енді балаларды бұрынғы білім жүйесімен оқыта алмаймыз. Оқушыларды осыдан отыз, жиырма, тіпті он жыл бұрынғы мектеп түлектерімен салыстыру мүмкін емес. Меніңше, оқушыға тек пән арқылы білім беріп қана қоймай, оларды жаңа заманға икемдеп, дағды қалыптастыру керек. Бір жағынан, XXI ғасырдағы мектеп түлегі қандай болуы керек дегенде, ол алдымен қарым-қатынасқа жақын, ел алдына шығып кез келген мінбеден сөйлей алуы қажет. Сонымен бірге кез келген мәселеге сыни көзбен қарап, жан-жақты сауатты болуы керек деп ойлаймын.

Сіздің ойыңызша, мұғалім жұмысында оң нәтижеге жету үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек?

Ең алдымен өз жұмысын адал атқару керек. Әр сабақтан кейін рефлексия жасап, мақсатқа жеткеніне, оқушылардың тақырыпты түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Уақытпен санаспай, өз кәсіби біліктілігіңді жетілдіріп отыру керек деген ойдамын. Себебі білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз. Біз сәтке де ізденіс пен шығармашылық тоқтамауы тиіс. Ең бастысы оқушыға құрметпен қарау деп ойлаймын. Өзара сыйластықтың алмайтын қамалы жоқ!

Айдарлар

Вам также может быть интересно:

15
May
24

АСТАНА қ. РФММ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

11-12 мамыр аралығында Астана қ. РФММ КеАҚ филиалының базасында физика, математика және информатика пәндері бойынша Жәутіков – АСТАНА қ. РФММ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ…

14
May
24

Результаты заключительного этапа Городской Жаутыковкой Олимпиады 2024 г.Астана

Результаты по математике Математика Результаты по физике Физика Результаты по информатике Информатика Награждение состоится 20.05, в 14:00, в атриуме школы по ул. Туркестан…

10
May
24

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда өтеді

Қорытынды кезең (күндізгі кезең) 2024 жылғы 11-12 мамырда Алматы және Астана қалаларында Республикалық физика-математика мектебінің филиалдары базасында өтеді. Алматы қ., мекен-жайы: Бұқар Жырау…

04
May
24

«FIZMAT Education Fair – 2024» халықаралық білім беру көрмесі және мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру конференциясы

Астанада алғаш рет «FIZMAT Education Fair – 2024» халықаралық білім беру көрмесі, сонымен бірге мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру конференциясы өтеді. Бұл…

26
Apr
24

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадағы Астана қ. РФММ оқушыларының нәтижелері

Оқушылар мен мұғалімдерді жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіндегі жеңістерімен құттықтаймыз : 5e Аманкелді Дарын – 3 орын…

26
Apr
24

2024-2025 оқу жылына Астана қаласының «РФММ» КеАҚ филиалына 1-сыныпқа қабылдау туралы АҚПАРАТ

Тіркелу   2024 жылғы 15 сәуірде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де онлайн тіркеу ашылды, ол 2024 жылғы 10 мамырда сағат 18:00-ге дейін…

26
Apr
24

Ш.Смагулов атындағы 6-7 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі

21 сәуірде Ш.Смагулов ат. 6-7 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. Математиканы насихаттау, дарынды балаларды ерте анықтау және ынталандыру мақсатында Әл-Фараби атындағы…

22
Apr
24

ОЛИМПИАДА ИМЕНИ СМАГУЛОВА ПО МАТЕМАТИКЕ

21 апреля состоялся Региональный этап республиканской олимпиады им. Ш.Смагулова для 6-7 классов. С целью пропаганды математики, раннего выявления и мотивации одаренных детей Механико-математический…

19
Apr
24

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа қабылданған оқушылар үшін ақпарат.

РФММ-нің конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес, қабылдау емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін конкурстан сәтті өткен талапкерлердің заңды өкілдері 2024 жылдың 10 мамырына дейін келесі құжаттарды…

19
Apr
24

«Fizmat Chess Open 2024» жылдам шахматтан халықаралық турнир

2024 жылғы 13-14 сәуірде Астана қаласындағы РФММ филиалында “Fizmat Chess Open 2024” жылдам шахматтан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 1-9 сыныптар…