Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 Картада
21
Jun
24

«Жас маманнан бастап, шебер маманға дейінгі жол»



Нұргүл Надырәліқызы Жанаева, шебер мұғалім, 2016 жылы Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің есігі ашылған сәттен бастап, бастауыш сыныптарда дәріс береді. Бастауыш сынып оқушыларын екі мәрт ортаңғы сыныпқа шығарып салды.  «РФММ Үздік сынып жетекшісі – 2024» байқауының жеңімпазы болды.

Нұргүл Надырәліқызы сауда саласындағы жұмыскер отбасының екінші перзенті ретінде, 1969 жылдың 19 қаңтарында Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Сарыторғай ауылында дүниеге келді.   Ол бала кезінде кішкентай балаларды жинап,  мұғалім болып, мектеп ойынын ойнаған. Кішкентай Нұргүл оларды өзінің сүйікті ойынына қатыстыру үшін көңілдерін көтеріп, ойынға баулуға тырысқан. Нұргүлдің бұл қабілетін байқаған әкесі Надырәлі, кіші жастағы бауырларының күтімін мектеп жасына толмаған Нұргүлге сеніп тапсырған.

Нұргүлдің мамандығына деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі балалық шағынан бастау алған. Ата-анасының орта білімді толық аяқтау туралы кеңесіне қарамастан, өзінің арманын жүзеге асыру жолында 1984 жылы Амантоғай орта мектебінің 8-сыныбын үздік бітіріп, Арқалық педагогикалық училищесіне бастауыш мектеп мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түседі. 14 жастағы Нұргүл үшін бастапқы жылдар ауыр болғанымен, отбасын, әке-шешесін және мектебін сағынса да, ол оқуды тастауды ойламай, «Қандай жағдайда болмасын, мен оқуды сәтті аяқтап, мұғалім боламын» деген   мақсатына берік болды.

1988 жылы Нұргүл мұғалімдік жолын Қостанай облысындағы Жалдама орта мектебінде бастады. Сол кезде орыс мектептерінде алғаш рет қазақ сыныптарын ашу басталған болатын. Мектеп директоры оған: «Өз сыныбыңды құру үшін балаларды үйлерінен өзің іздеп табуың керек» деген, себебі аудан орталығында қазақ мектебі жоқ еді. Көптеген ата-аналар балаларын орыс сыныптарына беруге бейім болды. 19 жасар Нұргүл бірінші сынып оқушыларының тізімі мен мекен-жайларын алғанымен, оның сөздеріне көп адам сенім артпады. Алайда, 1 қыркүйекке қарай мектеп директоры дәрігерлердің, мұғалімдердің және милиция қызметкерлерінің балаларын жинап, 12 оқушыдан тұратын қазақ сыныбын ашты.

Нұргүл, жас маман ретінде, қазақ сыныбының берік білім ордасы бола алатындығын көрсету үшін тынымсыз еңбек етті. Ол сабақтарын және тәрбие бағдарламаларын жүргізу үшін, сценарийлер мен сабақ жоспарларын жазып, әр сабаққа арналған көрнекі материалдарды, суреттер мен плакаттарды жасауға көп уақыт бөлді. Жас маманның мақсаты – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әр баланың ұлттық құндылықтарын, тілінің байлығын мақтан тұтуға және тарихын құрметтеуге үйрету болды. Нұргүл оқушыларға толыққанды тәрбие беру үшін мектептен тыс қосымша жұмыстардың маңызды екенін түсініп, олардың әрқайсысының қызығушылықтарын ескере отырып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесті.

Жас маман 1989-1993 жылдары аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтына оқуға түсіп, «Бастауышты оқыту педагогикасы мен методикасы» бөлімін аяқтап, өз білімін жоғарлатты.

Тәуелсіздік жылдарымен еңбек жолы қатар келген Нұргүл өз еңбек өтілін 2009 жылдан бері Елорда мектептептерінде жалғастырды. 35 жыл еңбек өтілінде  мыңға жуық балалардың алғашқы ұстазы болып, қолдарына қалам ұстатып, әріп танып, елінің патриотты азаматы болуына ықпал етті.

Нұргүл Надырәліқызының шәкірттері Республикалық деңгейдегі «Бастау», «FEMO» сияқты олимпиадаларда және ғылыми жобалар байқауларында бас жүлделер мен жоғары орындарды иеленуде үздіксіз табысқа жетуде.

Нұргүл Надырәліқызының білім беру саласындағы біліктілігі мен жеткен жетістіктері, сондай-ақ өнегелі тәжірибесі ескеріліп, оған «Шебер ұстаз» деген санаты берілді. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі тарапынан да бағаланып, 2016 жылы  «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды.

Нұргүл Надырәліқызы «Үздік сынып жетекші-2024» байқауы жеңімпазы ретінде сұхбат беріп, байқау туралы өз ойымен бөлісті.

 – Неліктен сіз осы байқауға қатысуға шешім қабылдадыңыз?       

– Алдымен өзімнің сынып жетекшілік мәртебемді көтеру. Сыныбымдағы тәрбие жұмысымның жүйесін көрсету, тәжірибемді тарату, біліктілігімді байқату, сонымен қатар, жаңа дағдылар меңгеру. Жылдар бойғы атқарылған жұмыстарымның нәтижесімен бөлісе отырып, оның бала тәрбиелеудегі маңыздылығын атап көрсету.

– Бұл байқау сізге не берді?

– Ата-ана мен оқушыларым арасындағы ынтымақтастығым артты. Инновациялық және шығармашылық идеяларым ашылды.

– Жеңісіңіз туралы білгенде қандай эмоциялар сезіндіңіз?

– Эмоция өте көп болды, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біліміне тәжірибесі сай қатысушылармен сайысу, оқ бойы озық тұрып, дара шығу, мен үшін керемет болды.

– Сіз өз жұмысыңызда қандай құндылықтарды ұстанасыз? Сіз үшін не маңызды?

– Мұғалім өз жұмысында бірнеше рөлді қатар атқарады. Мысалы, балаларды оқытады, тәрбиелейді, денсаулығына назар аударады, көңіл-күйін бақылайды, сырласады, т.б. Осыларды есепке ала отырып, адамгершілік құндылықты алдыңғы орынға қоямын. Адамгершілігі мықты оқушы салт-дәстүрін, тілін, ділін, дінін сақтау, құрметтеу сияқты құндылықтарды бойына сіңіреді. Әрине, мен үшін алдымен шебер, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз бола отырып, бала бойына өмірге қажетті ұстанымдар мен құндылықтардың бәрін дарыту.

– «Мектеп-ата-ана-ұстаз» өзара қарым-қатынас маңыздылығы туралы ойыңыз кандай?

– «Мектеп-ата-ана-ұстаз» арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Онсыз білім алу мен тәрбиелеуді елестету мүмкін де емес. Баланың адамшылдығы мен тәрбиелілігі жақсы ата-ана мен білікті ұстаздан. Екі жақты тәрбиенің әсерінен толыққанды тұлға қалыптасады. Мектеп болсын, ата-ана болсын, ұстаз бен шәкірт болсын, әркім өз міндетін жақсы түсінуі керек.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» айтқандай, бала тәрбиесінде мектеп, мұғалім және ата-ананың қоғамдастығының орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың жан-жақты өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Жалпы мектепте ата-аналар комитеті мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына ат салысып отырады.

Осы тұрғыда, өз тәжірибемде ең алдымен оқушыны тану үшін оның отбасын толық тану керек. Әрине ол үшін әртүрлі іс – шаралар: жиналыс, кездесу, «дөңгелек  үстел», онлайн кездесу, анкеталық сұрақ-жауаптар т.б ұйымдастырамын. Бірінші сыныптан оқушыларды оқушы қоғамын құрумен қатар ата-аналар қоғамын құрып әр ата-ана бір-бірінің балаларын өз балаларындай қабылдауына ықпал жасайтын жағдаяттық тапсырмалар орындатудан бастап, балаларының достық қарым-қатынастарындағы қылықты істерінен мысалдар келтіріп, кездесулерді қызықты өткіземін. Өз баласына деген басқа сыныптас баланың достық, мейірімдік қарым-қатынасын байқаған ата-аналар арасында да ынтымақтық орнайды.

Барлық мектепішілік, сыныптық іс-шараларға ата-аналарды қатыстырып отырамын. Сынып тәрбие сағаттарында қарастырылған жағдаяттар мен оның қабылданған шешімдері туралы бөлісіп отырамын. Сабақтан тысқары мәдени,  танымдық, спорттық  демалыстарды ата-аналармен бірге, мектеп рұқсатымен ұйымдастырып отырамыз.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Осы жағдайды жасап отырған біздің мектебімізді ата-аналар өз балаларының болашағы үшін таңдайды.  Біздің мектебімізді таңдаудағы ата-аналардың шешімінің дұрыстығын мектебіміздің тарихы мен түлектері  дәлелдеуде.

– Жас мұғалімдерге қандай кеңес бересіз?

– Бастысы ұжыммен, баламен бірге болу, жақын болу. Ерінбей, жалықпай, жауапкершілікпен жұмыс жасау. Мұғалім болып бастағаннан өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену. Соның ішінде әріптестерінен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену ең мықты құралы болады. Сырт көздің бағасынан қорықпау, батыл шешім шығарып, қателікпен жұмыс жасау. Тек жақсы оқитын емес, қиындық келтіретін баланы да назардан тыс қалдырмау. Тынымсыз еңбек ету, бала жанын түсіну, жақсы көру.

Рубрики

Вам также может быть интересно:

21
Dec
24

РФММ оқушысы SAT сынағының биігін бағындырды!

Республикандық физика-математикалық мектебінің Астана қаласындағы филиалының 10-сынып оқушысы Ади Құралов халықаралық SAT сынағында 1600 баллдан 1530 балл жинап, әлемнің ең үздік 1%-ына кірді!…

18
Dec
24

VII Международный открытый творческий конкурс учителей и тренеров олимпийского резерва математики, физики и информатики – IMPACT Olympiad

Дорогие друзья! Некоммерческое акционерное общество «Республиканская физико-математическая школа» при поддержке Министерства просвещения Республики Казахстан проводит VII Международный открытый творческий конкурс учителей и тренеров…

18
Dec
24

Құрметті достар!  “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика пән мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының IMPACT Olympiad…

16
Dec
24

Қазақстан құрамасы мен РФММ жеңісі: Анастасия Пономарёва халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері

Румыния астанасы Бухарест қаласында өткен олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды. IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсеткен команда сапындағы 6 оқушының тең жартысы…

16
Dec
24

Сборная Казахстана и РФМШ на высоте: Анастасия Пономарева завоевала бронзу на IJSO

Сборная Казахстана вернулась с международной естественнонаучной олимпиады IJSO, которая прошла в Бухаресте, с отличными результатами. Все члены команды продемонстрировали высокие результаты, и половина…

10
Dec
24

Стартовала регистрация на пробный тест

Сегодня стартовала регистрация на пробный тест для поступления в 7-й класс! Тестирование пройдет в ОНЛАЙН-формате. Вы можете выбрать удобный для вас день и…

10
Dec
24

FEMO International олимпиадасының қысқы кезеңі өтті

 Әлем бойынша 19 елдің басын біріктірген FEMO International олимпиадасының қысқы кезеңі қорытындыланды. Fizmat Academy және Республикалық физика-математика мектебінің ұйымдастыруымен биыл VII мәрте өткізілген…

02
Dec
24

Я СЧАСТЛИВЫЙ УЧИТЕЛЬ

Добрый день, Лариса Петровна. Мы рады встрече с педагогом, за плечами которого большой багаж опыта. Вы почти 40 лет в сфере образования. И…

28
Nov
24

   Я СЧАСТЛИВЫЙ УЧИТЕЛЬ

  Добрый день, Лариса Петровна. Мы рады встрече с педагогом, за плечами которого большой багаж опыта. Вы почти 40 лет в сфере образования….

26
Nov
24

7-сыныпқа грантқа түсуге арналған СЫНАҚ ЕМТИХАНЫ

7-сыныпқа грантқа түсуге арналған сынақ емтиханы Басталу мерзімі: 2024 жылғы 9 желтоқсан Өтетін форматы: онлайн (екі апта сайын 1 жаңа тест қосылып отырады)….