Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«РФММ» Астана қаласындағы филиалы өз жұмысын 2016 жылғы 1 қыркүйекте бастады.

Мектеп оқушыларға негізгі және қосымша білім беруді бір жүйеге кіріктіре отырып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Оқу бағдарламасы математика, физика, информатика және басқа да STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағыттарына терең бейімделген. 2016 жылдың желтоқсанында «РФММ» КеАҚ Астана филиалы халықаралық арнайы STEM мектептер консорциумының мүшесі атанды. Ал 2017 жылы оқушылар алғаш рет республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

РФММ-ның басты мақсаты – дарынды оқушыларды анықтап, олардың қабілеттерін дамыту арқылы елдің зияткерлік әлеуетін арттыру.

Мектеп түлектері бүгінде беделді саясаткерлерге, болашағынан үміт күттіретін ғалымдарға, табысты кәсіпкерлер мен өз саласының жаңашыл мамандарына айналуда.

 

Мектеп тарихы

  • 2016

    2016 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы РФММ-нің ресми ашылуы өтті.
    2016 жылғы 1 қыркүйекте Астанадағы физмат мектебінің алғашқы оқу жылы басталды.