Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
06
May
25

Патриотизм мен тәртіп: жастарға патриоттық тәрбие беру жолында



Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық іс-шара өтті. Іс-шараға 10-сынып оқушылары толық қатысып, жоғары дайындық деңгейін, тәртіптілікті және ұйымшылдықты көрсетті.

Жарыс екі кезеңнен тұрды:
Саптық жүріс – қатысушылар қимылдардың нақтылығын және командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Саптық ән – әр команда патриоттық әнді саптық әрекеттермен үйлестіре орындады.

Байқау нәтижелері:
1 орын – 10А сыныбы
2 орын – 10F сыныбы
3 орын – 10С сыныбы

Номинациялар:
Ең үздік саптық жүріс – 10Н сыныбы
Ең үздік саптық ән – 10D сыныбы
Ең үздік форма – 10Е сыныбы

Іс-шараның спикерлері:
Тасболатов Абай Болекпаевич — генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты,
мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының экс-командирі.

Өз сөзінде Абай Болекпаевич болашақ Отан қорғаушыларды сапалы даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, жастар арасында патриотизмді, тәртіптілікті және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға баса назар аударды.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Б.Е. Шуренов, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    16
    Mar
    26

    Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…

      12
      Mar
      26

      ♟️ FIZMAT CHESS OPEN ASTANA 2026

        Шахмат турниріне тіркелу жүріп жатыр! FIZMAT CHESS OPEN ASTANA 2026 — 5 жастан 16 жасқа дейінгі (9-сыныпты қоса алғанда) балаларға арналған рапид…

        09
        Mar
        26

        Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!

        2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…

          07
          Mar
          26

          РФММ Жыл Мұғалімі – 2026

          өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. ‍ Қатысушылар:…

            26
            Feb
            26

            Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста

            Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…

              05
              Feb
              26

              7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

              Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

                04
                Feb
                26

                РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды

                2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…

                  29
                  Jan
                  26

                  Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

                  Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

                    23
                    Jan
                    26

                    Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта

                    2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…

                      19
                      Jan
                      26

                      «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды

                      Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…