Мектеп Парламенті
Құрметті оқушылар!
2025–2026 оқу жылының басында мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау өтті. Бұл мектеп өміріндегі маңызды шаралардың бірі болып табылады және оқушылардың көшбасшылық, бастамашылдық пен жауапкершілік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сайлау қорытындысы бойынша 10 сынып оқушысы Хайбуллов Арифулла мектеп Президенті болып сайланды.
Мектеп Үкіметінің құрамына енгендер:
• Вице-президент – Медер Джахангер (11А),
• Премьер-министрлер – Ескендир Асылхан және Кабдуллин Бауыржан (10F),
• Вице-премьер-министрлер – Марат Адият (10F) және Абайұлы Димаш (11C),
• Министрлер:
– білім беру саласы бойынша – Өмірзақ Қосай (10C),
– мәдениет және шығармашылық бойынша – Ермагамбетов Абдуллах (10E),
– спорт және салауатты өмір салты бойынша – Кузенбай Дамир (10A),
– экология және волонтерлік бойынша – Қанатова Тоғжан (11D),
– цифрландыру бойынша – Бердыханов Чингис (10F),
– ақпарат және медиа бойынша – Масимова Алия (10F),
– тәртіп және құқық саласы бойынша – Стал Абдрахман (10H) және Жумагул Сулейман (10F),
– сыртқы байланыстар және жобалар бойынша – Пестова Лада (10D),
– сынып көшбасшыларымен жұмыс бойынша – Раимжанов Ануар (10F).
Мектеп Үкіметінің мүшелеріне өз лауазымдары көрсетілген төсбелгілер табысталды. Бұл — сенім мен жауапкершіліктің, сондай-ақ оқушылар қауымдастығына қызмет етудің белгісі.

