Некоммерческое акционерное общество Республиканская
физико-математическая школа филиал г. Астана

Fizmat Chess Open 2026

 «Fizmat Chess Open Astana 2026»

жедел шахматтан халықаралық турнирін өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1. Мектеп оқушылары арасында шахматты насихаттау және дамыту.
1.2. Шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру.
1.3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
1.4. Мектепті насихаттау.
1.5. Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің демеушілік грант иегерлерін анықтау.

 

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУГЕ БАСШЫЛЫҚ

2.1. Турнирді ұйымдастырушы Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалы (ары қарай «РФММ» КеАҚ филиалы), GMCA шахмат академиясы және GM legends шахмат академиясы, «Қазақстан шахмат Федерациясы» қолдауымен.

2.2. «РФММ» КеАҚ филиалы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен ойын алаңын қамтамасыз етеді, турнирдің ашылуы мен жабылуын ұйымдастырады, волонтерлердің жұмысын, медициналық сүйемелдеуді, қоғамдық тәртіпті сақтауды, ақпараттық қолдау мен турнирді сүйемелдеуді жүзеге асырады.

 

  1. ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

3.1. Турнир 04.04.2026 мен 05.04.2026 жыл аралығында Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі ғимаратында өтеді, мекенжайы: Астана қ, Туркістан көшесі, 2/1

 

  1. ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

4.1. Турнир ФИДЕ ережелері бойынша компьютерлік «Swiss-manager» бағдарламасы арқылы жеребе тартумен 11 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі.

4.2. Уақыт бақылауы – әр қатысушыға партия соңына дейін 10 минут және бірінші жүрістен бастап әр жүріске 2 секунд қосымша. Партия жазылмайды.

4.3 Жарыс ФИДЕ халықаралық рейтингін есептеумен өткізіледі.

4.4. Турға 10 минуттан артық кешіккен қатысушыға жеңіліс жазылады.

4.5. Читинг-бақылау ФИДЕ-нің античитинг ережелеріне сәйкес стандартты қорғаныс деңгейінде жүргізіледі. Қатысушыларға ойын аймағында кез келген электрондық құрылғыларды (ұялы телефон, сағат және т.б.) алып жүруге тыйым салынады.,

4.6. Апелляция – даулы мәселелерді шешу үшін техникалық кеңесте Апелляциялық комитет (АК) сайланады: төраға, 2 АК негізгі мүшесі және 2 АК қосалқы мүшесі :

— ойыншы төрешілер алқасының кез келген шешіміне тур аяқталғаннан кейін 10 минут ішінде жазбаша түрде АК-ға 30 000 теңге апелляциялық жарна төлей отырып шағымдана алады;

— апелляциялық комитеттің шешімі түпкілікті болып табылады;

— апелляция қанағаттандырылған жағдайда жарна толық қайтарылады

4.7. Қатысушы өтінім жіберу және турнирге қатысу арқылы осы Ережемен келісетінін растайды.

 

  1. ТУРЛАР КЕСТЕСІ
Ашылуы04 сәуір10.00
1 тур04 сәуір11.00
2 тур04 сәуір11.50
3 тур04 сәуір12.40
4 тур04 сәуір13:30
5 тур04 сәуір14.20
6 тур04 сәуір15:10
7 тур05 сәуір10.00
8 тур05 сәуір10.50
9 тур05 сәуір11.40
10 тур05 сәуір12.30
11 тур05 сәуір13.20
Жабылуы және марапаттау05 сәуір14.00

 

  1. ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР.

6.1. Турнирге қатысуға рұқсат етіледі:

— 5 жастан 16 жасқа дейінгі барлық ниет білдірушілер, 9-сыныптан жоғары емес;

— қатысушылар саны шектеулі, 300 адамнан көп емес.

  • Турнирлік жарна – 12 000 (он екі мың) теңге. Қатысушы турнирден шыққан жағдайда жарна қайтарылмайды.
  • Турнир ақысы келесідей төленеді: форманы толтырған кезде сіз Kaspi телефон нөміріңізді көрсетесіз, біз оған шотты жібереміз. Ақы төленгеннен кейін сіздің турнирге тіркелуіңіз расталады.
  • Қатысушыларға өтінімді 02 сәуірге дейін (қоса алғанда) электронды форма арқылы жіберу қажет:

https://forms.gle/YK1E8R4DKXQViySF9

  • Қатысушының бастапқы тізімде бар-жоғын тексеру қажет: https://s1.chess-results.com/tnr1346780.aspx?lan=11&SNode=S0
  • Егер форма жіберген күннен кейін келесі күні қатысушы тізімде болмаса, WhatsApp арқылы хабарласу қажет: https://wa.me/77056581599

 

 

  1. ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

7.1. Жүлде қоры* 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңгені құрайды.

7.2. РФММ-нің екі демеушілік оқу гранты* жүлде түрінде Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде оқуға: ең үздік нәтиже көрсеткен бір ұл балаға, бір қыз балаға беріледі.

7.3. Ұйымдастырушылар жүлделер санын және мөлшерін арттыру құқығын өздеріне қалдырады.

 

  1. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

8.1. Жеңімпаз ең көп ұпай жинаған қатысушы бойынша анықталады. Ұпайлар тең болған жағдайда::

— қысқартылған Бухгольц коэффициенті (ең нашар бір нәтижені есепке алмағанда);

— Бухгольц коэффициенті;

— өзара кездесу нәтижесі;

— жеңістер саны;

— қара фигуралармен ойнаған партиялар саны.

8.2. Турнир жеңімпаздары Астана қаласындағы РФММ филиалында 7, 8 немесе 9-сыныптан бастап, РФММ-де оқуын аяқтағанға дейін демеушілік оқу грантына үміткер бола алады.

8.3. Егер турнир жеңімпазы 6-сынып оқушысы болса, ол демеушілік грантты 6-сыныпты аяқтағаннан кейін пайдалана алады. Егер жеңімпаз 6-сыныптан кіші болса, демеушілік грант келесі жүлдегерге беріледі, ал өзі тек ақшалай жүлдеге ғана үміткер бола алады.

8.4. Егер турнир жеңімпазы РФММ-де грант негізінде оқитын оқушы болса, ол тек ақшалай жүлдеге үміткер бола алады, ал демеушілік грант келесі жүлдегерге беріледі.

8.5. Жеңімпаз демеушілік гранттан бас тартқан жағдайда, грант келесі жүлдегерге берілмейді.

8.6. Грант иегері Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс, Қазақстан Республикасының азаматы емес тұлға тек ақшалай жүлдеге ғана үміткер бола алады.

8.7. Турнир жеңімпазының заңды өкілдері турнир аяқталғаннан кейін екі апта ішінде мектеп директорына мектепке қабылдау туралы өтініш беруі тиіс.

8.8. Әр секция бойынша алғашқы үш жүлдегер №1 қосымшаға сәйкес ақшалай жүлделермен, сондай-ақ кубоктармен немесе дипломдар мен медальдар және сыйлықтармен марапатталады.

Төртінші орыннан тоғызыншы орынға дейін №1 қосымшаға сәйкес ақшалай жүлделер және сыйлықтар табысталады.

8.9. Әр жүлдегер тек бір (ең жоғары) жүлдеге ғана үміткер бола алады.

8.10. Жүлде қоры турнир аяқталғаннан кейін 20 күнтізбелік күн ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төленеді.

Жүлдені алу үшін турнирдің ұйымдастыру комитетіне немесе gmchessinfo@gmail.com электрондық поштасына жүлдегердің заңды өкілінің жеке куәлігі немесе паспортының көшірмесін (негізгі беті және тіркеуі бар беті), жүлдегердің туу туралы куәлігін және банктік деректемелерін (банктік анықтама түрінде) ұсыну қажет.

8.11. Жарнамалық мақсатта өтеусіз берілген тауардан басқа барлық жүлделерден Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес салықтар ұсталады.

 

Ескерту: ұйымдастырушылар осы Ережені, ФИДЕ-нің белгіленген қағидаларын және моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын бұзған қатысушыларды турнирге қатысу мүмкіндігін жоюға немесе турнирден шығаруға құқылы.

Қатысушыларды тіркеу 02 сәуір 2026 ж. сағат 18.00-де аяқталады.

Тіркеу белгіленген мерзімнен бұрын – 300 қатысушы саны толуына қарай жабылуы мүмкін.

Әрбір қатысушы 04 сәуір күні сағат 8:00-ден 9:30-ға дейін РФММ ғимаратынан қатысушы бейджін алуы тиіс.

Осы Ереже турнирге ресми шақыру болып табылады.

 

Ұйымдастырушылармен байланыс деректері:

WhatsApp: https://wa.me/77788354635 (Инжу Муратовна)

       email: gmchessinfo@gmail.com

Instagram: astana.fizmat

 

Тіркеу мәселелері бойынша:

WhatsApp: https://wa.me/77056581599 (Дидар Талгатулы)

 

Жеребе тарту және бастапқы тізімдер келесі сайтта қолжетімді https://s1.chess-results.com/tnr1346780.aspx?lan=11&SNode=S0

 

«FIZMAT CHESS OPEN ASTANA 2026»
ЖЕДЕЛ
ШАХМАТТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕГЕ № 1 ҚОСЫМША

 

 

АТАУЫАҚША ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ СОМАСЫ (ТЕҢГЕ)ЕСКЕРТПЕ
Жүлде қорының жалпы сомасы1 200 000
Жалпы есеп бойынша
11 орынРФММ демеушілік гранты* + 200 000 теңгеКубок, диплом, медаль, бомбер, футболка
22 орын160 000 теңгеДиплом, медаль, бомбер, футболка
33 орын110 000 теңгеДиплом, медаль, бомбер, футболка
44 орын90 000 теңгефутболка
55 орын70 000 теңгефутболка
66 орын60 000 теңгефутболка
77 орын50 000 теңгефутболка
88 орын40 000 теңгефутболка
99 орын30 000 теңгефутболка
Қыздар арасында
101 орынРФММ демеушілік гранты* + 120 000 теңгеКубок, диплом, медаль, бомбер, футболка
112 орын90 000 теңгеДиплом, медаль, бомбер, футболка
123 орын70 000 теңгеДиплом, медаль, бомбер, футболка
РФММ оқушылары арасындағы ұлдар бойынша үздік нәтиже
131 орын35 000 теңгеБомбер, футболка
РФММ оқушылары арасындағы қыздар бойынша үздік нәтиже
141 орын35 000 теңгеБомбер, футболка
12 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы үздік нәтиже
151 орын40 000 теңгеБомбер, футболка

*РФММ ДЕМЕУШІЛІК ГРАНТЫ РФММ-де оқу кезеңінің барлық уақытына келесі шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда беріледі:

Бейіндік пәндер бойынша (алгебра, геометрия, физика, информатика, ағылшын тілі) жылдық қорытынды баға 4-тен төмен болмауы тиіс. Барлық пәндер бойынша жылдық қорытынды бағалардың орташа балы 4,0-ден төмен болмауы тиіс.

Аталған шарттар орындалмаған жағдайда оқушы демеушілік гранттан айырылады және келесі оқу жылдарында жалпы негізде ақылы түрде оқуын жалғастыра алады.

*ЖҮЛДЕ ҚОРЫ — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жатады, жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке төлеу төлем көзінен жүзеге асырылады.