Емтихандар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері бекітілді:
9-сынып оқушылары үшін:
Математика (алгебра) пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамырда;
Таңдау пәні бойынша (физика, геометрия) жазбаша емтихан – 2026 жылғы 3 маусым;
Қазақ тілі/орыс тілі (оқыту тілі) пәнінен эссе түріндегі жазбаша емтихан – 2026 жылғы 8 маусым;
Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
11-сынып оқушылары үшін:
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
Алгебра және талдау бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
Қазақ тілі/орыс тілі (оқыту тілі) пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 9 маусым;
Таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), ағылшын тілі, информатика) жазбаша емтихан – 2026 жылғы 12 маусым;
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.