Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 На карте

Математика кафедрасы

Астана қаласының РФММ математика кафедрасы математикалық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде педагогтардың алдыңғы ұрпақтарының мұрасын жалғастыруға арналған. Кафедраның басты міндеті оқушыларда математикалық ұғымдарды терең түсінуді қалыптастыру, абстрактілі ойлауды дамыту және олимпиадалар мен конкурстарға табысты қатысуға дайындау.

Қазіргі уақытта математика кафедрасында 23 мұғалім жұмыс істейді: 12 педагог-шебер, 6 педагог-зерттеуші, 1 педагог-сарапшы, 1 педагог-модератор, 3 жас маман. Оның ішінде: 9 мұғалім жоғары біліктілік санатына ие, 3 мұғалім бірінші біліктілік санатына ие, 6 мұғалім математика магистрі дәрежесіне ие. Сондай-ақ: 1 кафедра мұғалімі “Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі” атағына ие болды, 4 мұғалім математика мұғалімдерінің республикалық шығармашылық конкурстарының жүлдегерлері, 2 мұғалім Science on Stage Qazaqstan Республикалық конкурсының жеңімпаздары, Science On Stage Europe Халықаралық фестивалінің қатысушылары болды. Кафедра мұғалімдері тест тапсырмаларын әзірлеу және ревизиялау жөніндегі шығармашылық топтың мүшелері, ҰБТ-дағы математика бойынша апелляциялық мәселелер жөніндегі шығармашылық топтың мүшелері, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Білім мазмұнын сараптаудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы” ШЖҚ РМК математика бойынша оқулықтарды сараптау жөніндегі шығармашылық топтың мүшелері, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері және иегерлері болып табылады.

Кафедра меңгерушісі: Асанов Асхат Жақсығалиұлы.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

Оқыту сапасын жақсарту үшін дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін қолдану. Педагогикалық шеберліктің әдістемелік және теориялық деңгейін үздіксіз жетілдіру. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыста педагогтардың біліктілігін арттыру. Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу және оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыту. Республикалық физика-математика мектебінің математика кафедрасы білім беруде және өз оқушыларын дамытуда жоғары стандарттарға, сондай-ақ өз педагогтарының кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруге ұмтылады.