Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 2/1 На карте

Мектеп формасы

Білім алушылар үшін мектеп формасы мен сыртқы келбетке қойылатын талаптар:

Білім алушылардың сыртқы келбеті қоғамда жалпы қабылданған іскерлік стиль нормаларына сәйкес келуі тиіс. Мектеп формасы оқушыны тәртіпке келтіреді, жағымды көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етеді, оқушыға өзін ұжымның бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі. Әр оқушы өзінің сыртқы келбетімен РФММ-нің жалпы имиджін қолдап, нығайтуы керек.

Шашқа қойылатын талаптар:

  •  ұлдар (жасөспірімдер) үшін – қысқа классикалық;
  •  қыздар (бойжеткендер) үшін – ұзын шашты өру керек, ұзындығы орташа шаштар қыстырғыштармен, шаш байламдармен шаш үлгісіне сай түйілген болуы қажет.

Ескертпе: 

  • ұлдарға (жасөспірімдерге) – көзге түсетін кекіл, “панки” шаш үлгісі, өрімдер, мұрттар мен сақалдар;
  • қыздарға (бойжеткендерге) – шашты түрлі ашық түстерге бояуға, жарқын косметика, татуировкалар қолдануға, тартымды зергерлік бұйымдар тағуға, пирсинг, тым ашық маникюр жасауға рұқсат берілмейді!

Мектеп формасына қойылатын талаптар:

Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.

Ұлдарға арналған күнделікті мектеп формасы төмендегілерді қамтиды:

  • бір түсті пиджак;
  • жилет;
  • қара түсті шалбар;
  • галстук;
  • мерекелік немесе күнделікті жейде (ашық түсті);
  • түймесі немесе ілмегі бар тоқылған жемпір/кардиган;
  • поло немесе теннис жейдесі.
  • Қысқы кезең:
  • тоқылған жилет;
  • мойны бар жемпір;
  • классикалық аяқ киім.
  • Ескертпе: Ұлдарға арналған шалбар бос болу керек және аяқтың тобығын ұзындығы бойынша жабу тиіс. FIZMAT бренді классикалық мектеп формасын киюге де рұқсат етіледі.


Қыздарға арналған күнделікті мектеп формасы төмендегілерді қамтиды:

  • бір түсті пиджак;
  • жилет;
  • сарафан;
  • белдемше (юбка);
  • классикалық блузка (ашық түсті);
  •  түймесі немесе ілмегі бар тоқылған жемпір/кардиган;
  • поло немесе теннис жейдесі;
  • қара түсті шалбар.
  • Ескертпе:  Ұзындығы тізеден аспайтын юбкалар. Классикалық аяқ киім немесе күнделікті стильдегі аяқ киім. FIZMAT бренді классикалық мектеп формасын киюге де рұқсат етіледі.

Күнделікті мектеп формасын кигенде төмендегілер рұқсат етілмейді:

  • Ауыстырылатын аяқ киім ретінде артқы жағы жоқ аяқ киім  (“сланцы” “шлепанцы”);
  • ашық түсті кроссовкілер мен кеділер (дене шынықтыру сабақтарынан басқа,);
  • 4, 5 см-ден асатын биік өкшелі аяқ киім;
  • түрлі конфессиялардың (хиджаб, никаб, бурка, паранджа, сикх тақиялары мен еврей қалпақтары-киптер, «ірі» христиан кресттері және т. б.) дінге тиесілі киімдердің элементтерін қосуға;
  • дене бөліктерін (іш, бел, кеуде) жалаңаштауға;
  • джинсы киюге;  (оның ішінде мектеп формасының түсіне сәйкес таңдалған болса да; аяқтың тобығын жаппайтын қысқартылған шалбар; үтіктейтін қатпарлары (желбірлері) жоқ тарылған шалбар, аяқтың тобығын жаппайтын шалбар; қосымша тігістермен, кірістірулермен, өріммен және т. б. безендірілген шалбарды киюге.


FIZMAT брендтелген киімдерін (поло, толстовка, жемпір және т. б.) киюге рұқсат етіледі;

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық формаға мыналар кіреді: спорттық костюм (спорттық шалбар мен шорты, ақ түсті футболка), спорттық аяқ киім.

Мектеп формасына, киімнің жоғарғы бөлігіне (пиджак, көкірекше) келесі ерекше белгілерді: төсбелгілер, эмблемалар (мектеп логотипімен) орналастыруға болады.

Мектеп формасының маталары ретінде тозуға төзімділігі жоғары, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жақсартылған қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарын қолдану ұсынылады.

Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім алушылардың осы белгіленген мектеп формасын киіп жүруін қамтамасыз етеді.