Әлемдік білімге бастар жол

Advanced Placement (AP) — әлемнің үздік университеттеріне жетелейтін жол
Advanced Placement (AP) бағдарламасы – 10–11-сынып оқушыларына пәндерді тереңдетіп оқуға және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін жоба.
AP – бұл АҚШ-тағы College Board ұйымы әзірлеген, Принстон, Гарвард, Йель сияқты әйгілі университеттер қолдайтын жоғары деңгейлі оқу бағдарламасы.
Неліктен AP бағдарламасын таңдау маңызды:
• мектепте жүріп университет деңгейінде білім алу мүмкіндігі;
• университеттегі оқу мерзімін қысқарту (AP пәндері кредит ретінде есептеледі);
• стипендия алу мүмкіндігінің артуы;
• қаржы үнемі: мысалы, AP Calculus BC курсы университеттің 8 кредитіне дейін жаба алады, ал әр кредиттің құны шамамен 600–1200 доллар тұрады.
AP бағдарламасы РФММ-де
Алматы қаласындағы РФММ-де тереңдетілген оқытудың екі түрі бар – AP-сыныптар және AP-пәндер.
AP-сыныптар – бұл арнайы сыныптар, онда оқушылар төрт негізгі AP-пәнді мектеп бағдарламасы аясында тереңдетіп оқиды. Оқыту кеңейтілген мазмұнда жүргізіліп, жоғары академиялық талаптар қойылады.
AP-пәндер – өз сыныбында оқи жүріп, таңдаған пәнін терең меңгергісі келетін оқушыларға арналған қосымша сабақтар. Олар негізгі сабақтардан кейін өткізіледі. Оқушылар өз қызығушылығына қарай пәндерді таңдап, жеке білім траекториясын қалыптастырады.
Яғни, AP-сыныптар – толыққанды тереңдетілген оқу форматы, ал AP-пәндер – икемді және жеке таңдау жасауға мүмкіндік беретін жүйе. Бұл модель дарынды оқушылардың өз әлеуетін барынша ашуына жол ашады.
AP-сыныптары туралы жалпы мәлімет
Алғашқы AP-сыныптары 2018 жылы Астана қаласындағы РФММ филиалында ашылды. Сол уақыттан бері 200-ден астам оқушы бағдарламаны сәтті аяқтап, әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсті.
2025 жылдан бастап Алматы қаласындағы РФММ-де де AP бағдарламасы енгізіліп, алдымен жеке AP-пәндер оқытыла бастады.
2025–2026 оқу жылында:
• Астана қаласындағы РФММ филиалында — 91 оқушы AP бағдарламасы бойынша білім алуда;
• Алматы қаласындағы филиалда — 70 оқушы AP-сыныптарын, ал 20 оқушы жеке AP-пәндерін таңдаған.
Қазіргі таңда екі филиалда да 10–11-сыныптың белсенді әрі мақсатшыл оқушылары AP бағдарламасы арқылы АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші университеттеріне түсуге дайындалып жүр.
⚙️ 2025–2026 оқу жылындағы негізгі AP пәндері:
міндетті төрт пән:
• AP Calculus BC
• AP Physics
• AP Computer Science
• AP English
қосымша (топ жинақталған жағдайда):
• AP Chemistry
• AP Statistics
• AP Economics және басқа пәндер.
AP емтихандары жыл сайын мамыр айында өткізіледі.
Advanced Placement — бұл 10–11-сынып оқушыларына өз қабілетін ашуға, әлемнің үздік университеттеріне түсуге және академиялық болашағын бүгіннен бастауға мүмкіндік беретін бағдарлама!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста
Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта
2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…
«Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…

