Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста

Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы – терең ізденіс пен биік зияткерліктің, ұлттық ғылымға адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
Асқар Серқұлұлы қазақ ғылымының беделін көтеріп, математиканың күрделі саласында өз жолын қалыптастырды. Оның ғылыми еңбегі мен интеллектуалдық ұстанымы бірнеше буынға бағыт-бағдар беріп келеді.
70 жылдық мерейтойында Асқар Серқұлұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.
Республикалық физика-математика мектебі үшін бұл есім – тек түлек емес, зияткерлік дәстүрдің символы. Мектеп ұжымы даңқты түлегінің мерейлі белесін зор құрметпен атап өтіп, оның ғылыми мұрасын жас буынға өнеге ретінде ұсынады.
Осынау мерейлі белесте ғалымға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және ұзақ ғұмыр тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!
Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…
FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!
Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…
FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті
Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…
♟️ FIZMAT CHESS OPEN ASTANA 2026
Шахмат турниріне тіркелу жүріп жатыр! FIZMAT CHESS OPEN ASTANA 2026 — 5 жастан 16 жасқа дейінгі (9-сыныпты қоса алғанда) балаларға арналған рапид…
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

