Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
23
Jan
26

Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта



2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізіліп, «Заң және тәртіп» құндылығына арналды.

Апталықтың негізгі мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық, жауапкершілік, тәртіп және азаматтық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Бес күн бойы 1–4 сынып оқушылары түрлі танымдық, тәрбиелік және интерактивті іс-шараларға белсенді қатысты.

Апталықтың салтанатты ашылуы 19 қаңтар күні өтті. Осы күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Мектептің қауіпсіз болуы үшін мен не істей аламын?» тақырыбында шағын сауалнама жүргізіліп, бейнероликтер әзірленді. Оқушылар жеке жауапкершілік, өзара сыйластық пен қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

20 қаңтар күні іс-шаралар мазмұны жағынан аса ауқымды болды. 2–3 сынып оқушыларына арналған «Болады — болмайды» атты интерактивті ойында мінез-құлық нормалары мен күнделікті өмірдегі жағдаяттар талқыланды. Ал 1-сынып оқушылары «Заң және тәртіп» квестіне қатысып, логикалық тапсырмалар мен командалық жұмыс арқылы білімдерін көрсетті.


Сондай-ақ осы күні оқушылар полиция полковнигі, отставкадағы қызметкер, ҚР Бас прокуратурасының экс-прокуроры Ардақ Мамырбекұлы Сансызбаевпен кездесті. Кибербуллинг тақырыбындағы кездесу барысында балалар цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен өзара құрметтің маңызын түсінді. Сонымен қатар «Тәртіпті сақтауға кім көмектеседі?» атты панельдік сессия өтіп, оқушылар мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандардың қызметімен танысты.

21 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары балалар жазушысы Мадина Омармен кездесті. «Айша және қауіпсіздік ережелері» кітабы негізінде өткен кездесуде екінші сынып оқушылары адамгершілік, жауапкершілік пен тәрбие туралы әңгімелесті. Ал бірінші сыныптарға арналған «Тәртіпті кім орнатады?» ойыны арқылы балалар өз білімдерін бекітті.

22–23 қаңтар күндері «Заң және тәртіп әлеміне саяхат» атты ойын сабақтары мен «Жол қозғалысы ережелерінің жас білгірі» байқауы өткізілді. Апталықтың қорытынды іс-шарасы ретінде 3–4 сынып оқушылары адвокат Сағынғали Нұрхатұлы Елеуовпен кездесіп, құқықтар мен міндеттер, әділдік ұғымдары туралы қарапайым әрі түсінікті ақпарат алды.

Апта бойы мектепте «DosbolLike» сурет көрмесі жұмыс істеп, сынып сағаттары мен тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызықты әрі қолжетімді форматта өткізілді.

Қазіргі таңда Астана филиалының бастауыш мектебінде 19 сынып бар. Апталық барысында барлық сыныптарда тақырыпқа сай ашық сабақтар өткізілді, оқушылар жоғары белсенділік танытты.

Аталған апталық бастауыш мектеп оқушыларына заң мен тәртіптің маңызын ерте жастан ұғындырып, жауапты, адал және белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Прикрепленные файлы

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    07
    Mar
    26

    РФММ Жыл Мұғалімі – 2026

    өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. ‍ Қатысушылар:…

      26
      Feb
      26

      Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста

      Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…

        05
        Feb
        26

        7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

        Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

          04
          Feb
          26

          РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды

          2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…

            29
            Jan
            26

            Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

            Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

              19
              Jan
              26

              «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды

              Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…

                14
                Jan
                26

                FIZMAT Education Fair – 2026 

                Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

                  14
                  Jan
                  26

                  XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

                  Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…

                    12
                    Dec
                    25

                    Жас дарын жүлдесі

                    РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨

                      11
                      Dec
                      25

                      «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды

                      Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…