«РФММ» КеАҚ мен «Антиплагиат.Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Республикалық физика-математика мектебі» (РФММ) және «Антиплагиат-Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа келісімнің нәтижесінде «РФММ» мектептері оқушылардың жоба, емтихан және өзге де жұмыстарын плагиатқа тексеруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ әріптестік шеңберінде мектеп мұғалімдерін жаңа жүйемен жұмыс істеуге оқыту да жоспарлануда. Ғылыми және оқу жұмыстарын дұрыс рәсімдеуге үйретуге де ден қойылады. «РФММ» КеАҚ Басқармасының төрағасы Руслан Қалиев: «Аталған ынтымақтастық туралы меморандум РФММ үшін стратегиялық маңызды қадам. Ол арқылы оқушылар арасындағы академиялық адалдық деңгейін арттырамыз және өзіндік жұмыстарды жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, оларды орындауда технологияларды дұрыс пайдалануға бағыттаймыз» , – деді.
«Astana Hub» халықаралық технопаркінің резиденті болып табылатын «Антиплагиат-Қазақстан» компаниясы Қазақстандағы 112 ұйымға, оның ішінде 67 ЖОО-ға қызмет көрсетеді. Бұл тізімнің қатарына «РФММ» КеАҚ-нің қосылуы физмат мектептерінің білім кеңістігінде тағы бір жаңа сатыға жоғарлағандығын танытады.

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта
2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…
«Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…
Жас дарын жүлдесі
РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды
Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…
⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!
Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…