Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
03
Apr
26

Ашық есік күні және Байқау тесті



Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!

      Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық есік күніне қатысуға шақырады.

Аталған іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен болашақ білім алушыларды мектептің білім беру ортасымен, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерімен, қосымша білім беру және сыныптан тыс жұмыс бағыттарымен, сондай-ақ РФММ-ға қабылдау және онда білім алу талаптарымен жан-жақты таныстыру.

Ашық есік күні бағдарламасы аясында қонақтар үшін төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылады:

мектеп қызметінің таныстырылымы;

мектеп әкімшілігімен кездесу;

білім беру бағдарламаларымен және 7-сыныптағы оқу ерекшеліктерімен таныстыру;

мектеп ғимаратына экскурсия;

оқушылардың оқу, ғылыми, шығармашылық және спорттық жетістіктерінің көрмесі;

ата-аналарға арналған сұрақ-жауап алаңы.

Өтетін күні: 2026 жылғы 11 сәуір
Уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін
Өтетін орны: Астана қаласы, Түркістан көшесі, 2/1

Сіздерді аталған іс-шараға қатысуға және РФММ-ның білім беру мүмкіндіктерімен, академиялық дәстүрлерімен, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға шақырамыз.

Сонымен қатар осы күні 6-сынып оқушылары үшін РФММ-ның білім беру грантын иеленуге арналған байқау тестілеуі өткізіледі.

Тестке осы сілтеме арқылы тіркелуге болады:  РФММ

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    27
    Mar
    26

    Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды

    Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…

      26
      Mar
      26

      РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!

      Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…

        25
        Mar
        26

        FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!

        Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…

          17
          Mar
          26

          Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…

            16
            Mar
            26

            FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті

            Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…

              09
              Mar
              26

              Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!

              2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…

                07
                Mar
                26

                РФММ Жыл Мұғалімі – 2026

                өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. ‍ Қатысушылар:…

                  26
                  Feb
                  26

                  Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста

                  Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…

                    05
                    Feb
                    26

                    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

                    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

                      04
                      Feb
                      26

                      РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды

                      2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…