FIZMAT ОҚУШЫЛАРЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

13-15 сәуір күндері Грекияның Родос қаласында өткен Әлем чемпионатында «РФММ» Астана филиалының 3-сынып оқушысы Анетов Әміржан және 10-сынып оқушысы Сүлеймен Ерғали шахматтың бірден екі түрінен (рапид және блиц) алтын алды.

Осылайша, 50 -ге жуық елден 500-ге тарта оқушы қатысқан тартысты турнирде физмат оқушылары топ жарды. Әлем чемпионы атанған Анетов Әміржан мен Сүлеймен Ерғали бес-алты жастарынан бастап шахматпен айналысады. Әлем чемпионатына дейін олар ақыл-ой гимнастикасының бірнеше додасында жеңімпаз атанған. Айта кету керек, аталған турнирде Қазақстан құрамасы елу елдің ең алдына шығып, жеңіске жетті.
Командалық есепте:
Қазақстан – I орын;
Ресей – II орын;
Вьетнам – III орынды еншіледі.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Жас дарын жүлдесі
РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды
Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…
⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!
Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…
✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!
РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…
Мектеп мақтанышы!
8 «В» сынып оқушысы Сариев Нурамир Дарханұлы Бангкокта (Таиланд) өткен “Jiu-Jitsu World Cup 2025” жарысында қола медальға ие болды! Бұл жетістік — қажырлы еңбектің,…
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р
Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды. 6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…
Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…