ASTANA RÉGIONAL FIRST CHAMPIONSHIP-тегі жеңіс

РФММ командасы алғашқы рет ASTANA RÉGIONAL FIRST CHAMPIONSHIP робототехника бойынша жарыстқа қатысып, жеңіске жеткен алғашқы жарқын тәжірибемізбен мақтанышпен бөлісеміз!

Елорданың 400-ден астам оқушысы 25-26 қарашада Astana International School қабырғасында өткен Astana RÉGIONAL FIRST CHAMPIONSHIP өңірлік іріктеу кезеңіне жиналды.
Жарыс келесі үш жас санатында өтті: FLL Explore 6-10 жас, FLL Challenge 10-16 жас және First Tech Challenge 12-18 жас аралығында.
Біздің команда FLL Challenge санатына қатысып, робот ойындары кезінде ең жақсы көрсеткіш көрсетіп, 550 ден 300 ұпай жинады. Олар роботтың ең жақсы бағдарламалық жасақтамасы бар командаға берілетін PERFORMANCE AWARD WINNER номинациясын жеңіп алған.

Сонымен қатар, команда барлық параметрлер бойынша үздік көрсеткіштер – инновациялық жоба, Робот ойыны, Робот дизайны, негізгі құндылықтар үшін екінші CHAMPIONS AWARD FINALIST номинациясын алды. Осылайша, команда 2024 жылғы ақпанда өтетін республикалық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды.
«Біздің бүкіл командамызға еңбекқорлығы, еңбегі мен бірлігі үшін зор құрмет пен алғыс білдіреміз. Бұл біз үшін керемет тәжірибе болды. Біз әр қадамымызбен мақтанамыз!» – дейді команда капитаны Берикбол Мадияр (8С сынып).
Команда құрамы: Бердіғұлова Анара, Сатанова Сара (6D сыныбы), Шауали Дінмұхаммед, Әсетова Авелина, Өтеубаева Әмір, (6F сыныбы), Ақмағамбетов Арлан (7D сыныбы), Аманжолов Асанәлі (7Н сыныбы), Берікбол Мадияр (8С сыныбы). Команданың жаттықтырушылары: Мағауин Қуаныш Меркенұлы, Шушаев Нұрлан Сағдыұлы. РФММ мектебінің ұжымы балалар мен жаттықтырушыларды лайықты жеңіспен құттықтайды.

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…
РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!
Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…
FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!
Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…
FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті
Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста
Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…