Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана

Кітапхана

Кітапхана – бұл жаңа білім алуға, ақпаратты көпшілік алдында талқылауға, іс-шаралар өткізуге, әлеуметтік маңызы бар қызметтерді алуға арналған алаң.

РФММ кітапханасының негізгі миссиясы – мектептің терең және көпсалалы білім деңгейіне сәйкес сапалы кітапхана қорын құру, оқырмандар үшін қолайлы ақпараттық ортаны қалыптастыру. Ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, кітапхана процестерін автоматтандыру, электронды кітапхана құру.

Бүгінгі таңда кітапхана қоры оқу материалдар мен кітаптардың 60 мың данасын құрайды. Кітапхана өз қорын мектеп бейініне сәйкес қалыптастырады. Кітапхананың ақпараттық инфрақұрылымы оқулықтар мен әдістемелік материалдармен, классикалық көркем және педагогикалық әдебиеттермен, дәстүрлі және электрондық ақпарат тасымалдаушылармен, бейіндік пәндерді тереңдетіп оқуға арналған қосымша оқу материалдарымен ұсынылған. Кітапханада күн сайын 15-ке жуық қазақстандық және шетелдік журналдар қолжетімді.

Мектеп кітапханасы әр түрлі тақырыптарда: “Ертегі әлемі”, Жеңіс күніне, кітаптың құрылу тарихы, мұғалімдер күніне, сондай-ақ Тәуелсіздік күніне, 8 наурыз мерекесіне арналған жүйелі түрде кітап көрмелерін өткізеді. Сонымен қатар, мұғалімдерге жалпы мектептік іс-шараларды, сынып және ата-аналар жиналыстары мен педагогикалық кеңестерді өткізуде, сайыстарға дайындалуда мерзімді түрде көмек көрсетілді. Оқу клубтары өткізіледі, кітап клубына қатысу жиі және тұрақты түрде кітап оқуға ынталандырады, сонымен қатар ой-өрісті кеңейтуге көмектеседі. Жыл сайын бірнеше ай ішінде кітап лотереясы өткізіледі, оның қорытындысы бойынша қатысушылар сыйлықтар алады. Сондай-ақ, кітап лотереясына қатысу жас оқырмандарға кітаптарды оқу мен білудің маңызды құндылығы бар екеніне сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі.

Сонымен қатар, жыл сайын бастауыш сынып оқушылары арасында кітапхана “Ақылды балалар және ақылды қыздар ” зияткерлік ойынын өткізеді, оның мақсаты балаларды ұжымда жұмыс істеуге, шығармашылық ойлау мен эрудицияны дамытуға үйрету болып табылады.

РФММ Кітапханасы біздің жұмысымызға кез-келген қолдауды, соның ішінде сыйға берушілердің кітаптармен қамтамасыз етуді құптайды. Бұл үлес мектеп оқушылары, оқытушылар мен қызметкерлер үшін ерекше және эксклюзивті ресурстарды сатып алу үшін өте маңызды. Кітапханаға кітаптарды: кітап авторлары, баспалар, қайырымдылық қорлары, қалалық кітапханалар, мұражайлар, мектеп қызметкерлері, сонымен қатар біздің мектептің түлектері және олардың ата-аналары сыйлайды. Сыйға тартылған кітаптардағы арнайы белгілердің арқасында оқырмандар сыйлаушылардың мейірімділігін есте сақтайды.

Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері оқушылардың ақпараттық және функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, оқуды ілгерілетудің практикалық әдістерін зерделеу мақсатында НЗМ өткізетін оқыту семинар-тренингтеріне қатысады.