Ауыл оқушыларыны арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы

19 ақпанда ауыл оқушыларының «Мың бала» ұлттық олимпиадасына арналған баспасөз конференциясы өтті. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «El Umiti» қоры» корпоративтік қорымен серіктестікте бесінші жыл қатарынан 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасын өткізуде. Баспасөз конференциясына «Республикалық физика-математика мектебі», «Білім инновациялық лицейі» және №2 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының мектеп директорлары, өткен жылдардағы олимпиада жеңімпаздары мен олардың ата-аналары қатысты.
«Мың бала» олимпиадасы – ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтайтын және оларға қолдау көрсететін аса маңызды жобалардың бірі. Төрт жыл ішінде олимпиадаға ауыл мектептерінде оқитын 671 мыңнан астам 6-сынып оқушысы қатысты. Олардың арасынан 4000-ы олимпиада жеңімпазы атанды, 1374 оқушы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды. «Мың бала» олимпиадасына қатысу тегін. Биылғы «Мың бала» олимпиадасына тіркелу 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында өтеді.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I-кезең онлайн форматта өтеді. 5-10 сәуір аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында тестілеуден өту қажет. Тестілеу екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау, кеңістіктік ойлау. Тест 40 сұрақты қамтиды және шамамен 90 минутты алады. Тестілеуден камерасы бар ноутбук арқылы немесе интернетке қосылған веб-камерасы бар компьютерден тапсыруға болады. Сондай-ақ, қатысушылар тестілеуден өз мектептерінде немесе өңірлік «Дарын» орталықтарында өте алады.
Облыстап бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың II кезеңіне өтеді.
Олимпиаданың екінші кезеңі 24-26 сәуір аралығында өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар мынадай пәндер бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді: математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқытатын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану. Тест 100 сұрақтан тұрады және 150 минутқа созылады.
Олимпиадаға дайындалу үшін https://ro.elumiti.kz/ сайтында өткен жылдардағы тест тапсырмаларына дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер жұмыс істейді. Апелляциялық шағым қарастырылмаған. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Дарын, БИЛ және РФММ сияқты мамандандырылған мектептерде оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады.

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!
РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…
Мектеп мақтанышы!
8 «В» сынып оқушысы Сариев Нурамир Дарханұлы Бангкокта (Таиланд) өткен “Jiu-Jitsu World Cup 2025” жарысында қола медальға ие болды! Бұл жетістік — қажырлы еңбектің,…
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р
Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды. 6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…
Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…
РФММ оқушысы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды
РФММ оқушысы Сабитов Ислам Президенттік олимпиадада қола медаль иегері атанды! Бұл – үлкен жетістік әрі мектеп мақтанышы. Исламның дайындығына үлес қосқан ұстаздары: –…
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…
VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…
ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына тіркелу басталды!
2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтеді. Бұл беделді білім сайысы…
РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты
2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау…
Физмиат командасы робототехникадан әлемдік рекорд орнатты!
Fizmat Robotics және Fox Slide командаларын жеңістерімен құттықтаймыз! Біздің оқушылар Burabay FIRST Regional 2025 жарысында әлемдік рекорд орнатты! Fizmat Robotics командасы әлемдік рейтингтің…