Central Asia FIRST Championship чемпионатында “Engireeng Excellence Award” номинациясында жеңіске жеттік

23-25 ақпан аралығында Астанада робототехника бойынша Central Asia FIRST Championship чемпионаты өтті. Әлемнің 7 елінен, соның ішінде Гонконг, БАӘ, Әзірбайжан елдерінен 3000-нан астам робототехниктер қатысқан Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтті. Үздіктердің үздігі атану үшін Қазақстанның іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200 қазақстандық команда және ұйымдастыру комитетінің шақыруын алған 20 халықаралық команда бақ сынады.
Чемпионат FIRST дүниежүзілік бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті.
– FLL Explore (6-10 жас)
– FLL Challenge (10-16 жас)
– FTC (12-18 жас)
FLL Challenge чемпионаты келесі конкурстарды қамтиды:
– робот ойындары (25%)
– инновациялық жоба (25%)
– робот дизайны (25%)
– олимпиаданың негізгі құндылықтарын ашу (25%) – ынтымақтастық және кәсібилік. Жеңімпаз өнер көрсетуде алынған пайыздар сомасымен анықталады. Бұл осы санатта қай команда үздік екенін анықтауды жеңілдетеді.
Central Asia FIRST чемпионатында мектептің беделін екі команда қорғады:
@fizmat.robotics Central Asia First Championship-те таңғалдырарлықтай өнер көрсетіп, “Engireeng Excellence Award” үздік номинацияларының бірі – “Инженерлік шеберлік” марапатын жеңіп алды. Бұл марапат маусым тапсырмаларын тиімді шешіп, сондай-ақ команда қатысушыларының барлық әрекеттерінде айқын байқалған “Негізгі қағидаларды” ұстанудың жоғары деңгейін көрсеткен инновациялық жобалық шешімді ұсынған, роботты сапалы жобалаған командаға беріледі.
Бұл біздің команданың осы байқауда көрсеткен кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ойлауының жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
-Бердіғұлова Анара 6D сынып
-Сатанова Сара 6D сынып
-Аманжолов Асаналі 7Н сынып
-Ақмағамбетов Арлан 7D сынып
-Берікбол Мадияр 8С сынып
Астана қ. РФММ шәкірттері Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының оқушыларына@farabi.fll тәлімгерлері болған. @Farabi.fll командасы бірінші рет жарысқа қатысқанымен, чемпионат арқасында теңдессіз тәжірибе, жаңа достар және нәтижеге жету үшін қажетті дағдыларды алды.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…
✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!
РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…
Мектеп мақтанышы!
8 «В» сынып оқушысы Сариев Нурамир Дарханұлы Бангкокта (Таиланд) өткен “Jiu-Jitsu World Cup 2025” жарысында қола медальға ие болды! Бұл жетістік — қажырлы еңбектің,…
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р
Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды. 6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…
Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…
РФММ оқушысы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды
РФММ оқушысы Сабитов Ислам Президенттік олимпиадада қола медаль иегері атанды! Бұл – үлкен жетістік әрі мектеп мақтанышы. Исламның дайындығына үлес қосқан ұстаздары: –…
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…
VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…