«FIZMAT Education Fair – 2024» Халықаралық білім беру көрмесі және мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған кәсіптік бағдар беру конференциясы

18 мамыр Астана қаласының Республикалық физика-математика мектебінде «FIZMAT Education Fair – 2024» Халықаралық білім беру көрмесі, сонымен бірге мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған кәсіптік бағдар беру конференциясы өтті. Іс-шараға 2000-нан астам қатысушы жиналды, олардың арасында оқушылар, олардың ата-аналары және білім беру мекемелерінің өкілдері болды. Кәсіптік бағдар беру конференциясы аясында білім беру саласындағы спикерлер мен қайраткерлер сөз сөйледі, олар өз білімдерімен, тәжірибелерімен және кеңестерімен бөлісті, қатысушыларға заманауи білім берудің мүмкіндіктері мен перспективаларын жақсы түсінуге көмектесті. Олардың ішінде Nazarbayev University вице-президенті Дархан Билялов, Атырау Мұнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова, Ustaz.pro бас директоры, Talim.pro тәлімгері Рамиль Кабдуалиев және т.б..
Көрмеге 20-дан астам отандық және шетелдік университеттер қатысып, өздерінің бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктерін ұсынды. Олардың қатарында Nazarbayev University, Xiamen University Malaysia, De Montfort University Kazakhstan, Canterbury Christ Church University, Almaty Management University, Maqsut Narikbayev University бар. Сондай-ақ, көрмеде Crimson Consulting Limited, Ivy League Education, Logos Education, «Skill Matrix» дағдылар зертханасы, Canadian International School, Open Edu, Education USA және басқа да жетекші білім беру орталықтары мен тілдік мектептер қатысты.
АЭБУ техникалық жоғары оқу орны болғандықтан біздің мақсатты аудиториямыз физика, математика және информатика пәндерін оқитын оқушылар екенін ескере керек. Көрме өте жақсы ұйымдастырылған, келесі жолы тағы да қатысамыз
Алматы энергетика және байланыс университетінің өкілі, Дүйсенғалиева Меруерт
Көрме өте жақсы деңгейде өтті, саналы балалар көп болды, ата-аналардың көп болғаны өте ұнады, өйткені олар шешім қабылдап, балалардың демеушілері болып табылады
Canterbury Christ Church University Great Britain өкілі, Қойгелдиева Айзада
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта
2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…
«Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…
Жас дарын жүлдесі
РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды
Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…
⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!
Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…







