ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен ата-ана қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын мектеп өмірімен және 7 – сыныпқа түсуге арналған емтиханның жаңа форматымен таныстыру болды.
РФММ-нің Астана қаласындағы филиалының директоры Кенжалин Думан Жүзбайұлы және Алматы қаласындағы филиалдың директоры Мейірбек Мейірлан Едігерұлы РФММ-дегі білім беру жүйесі мен мектеп жетістіктеріне тоқталды. Кейін халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары өз жеңістері жайлы ерекше ықыласпен баяндады. Сонымен қатар, 5-6 сыныптың оқушылары мен ата-аналары мектеп өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. «Ашық есік күнінің» тағы бір артықшылығы сол РФММ оқуды армандайтын ұл-қыздар өздерін бір күн «Физмат» мектебінің оқушысы ретінде сезініп көрді. Оқушылар үшін арнайы шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды. Оның барысында олар 7-сыныпқа түсуге арналған қабылдау емтиханының жаңа форматы бойынша тапсырмаларды қалай орындау керектігін РФММ мұғалімдерінің өздерінен сұрап-білді.
Айта кету керек, «Ашық есік күнін» өткізудегі ең басты мақсат та сол, 2025-2026 оқу жылындағы іріктеу емтиханының жаңа форматымен таныстыру еді.
СНХ: Светлана Меңдіғалиева, «РФММ» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Жауап нұсқалары жоқ ашық тест болады, оқушы бүтін сан болып табылатын жауапты енгізуі керек. Әр түрлі күрделіліктегі тапсырмалар арнайы белгіленген ұпайлар бойынша бағаланады. Математика және логика бойынша 30 сұрақтан тұратын тесті орындау үшін оқушыға 120 минут беріледі.
2024 жылдың 9 желтоқсанында мектептің https://admissions.fizmat.kz ресми сайтында сынақ тестіге тіркелу басталады. Ол жерде оқушылардың жаңа форматқа негізделген тест сұрақтарына жауап беріп дайындалуына мүмкіндік бар. Сұрақтар 2 апта сайын жаңартылып отырады.
2025 жылғы 15 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де мектептің ресми сайтында емтиханға онлайн тіркелу ашылады және ол 2025 жылғы 3 сәуір сағат 18:00 дейін жалғасады. РФММ емтихандары Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Орал және тағы бірнеше қалада ұйымдастырылады. 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты бойынша 7-сыныпқа оқуға түсу емтиханы 2025 жылғы 26 сәуірде өтеді.
Ата-аналармен қатар ұстаздар да жаңа форматты қолдап отыр. Бұл отандық білім беру сапасын дамытуға үлес қосады. Мықты математиктер мен физика, химия, информатика салаларындағы ғалымдарды дайындауда аталған жаңалық өз нәтижесін береріне сенім мол.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта
2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…
«Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…
Жас дарын жүлдесі
РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды
Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…
⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!
Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…

