Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
07
Feb
25

Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау



Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау

Дәстүрлі алқа отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарымен таныстырды. 2024 жылы орта білім беру мазмұныны қайта қаралды, жаңадан қабылданған МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді.

Айта кету керек, «Республикалық физика-математика мектебі» филиалдарының 2024-2025 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыстары да толық «Біртұтас тәрбие» жобасына негізделіп құрылды.

2024 жылы бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Президент тарапынан берілген жоғары баға мен құрметке ие болған қос ұстаздың бірі – РФММ –нің алғашқы түлегі, белгілі академик Асқар Жұмаділдаев екендігін атап өткіміз келеді.

Балалардың қауіпсіздігі де басты орында. Бұл орайда «РФММ» филиалдарында да әр сынып сағаты сайын оқушыларға жеке қауіпсіздік мәселесі жете түсіндірілетіндігін атап өткен жөн.

2025 жылға арналған жоспарлардың ішінде министр сынып жетекшілерінің рөліне де ерекше басымдық берді. Тәрбие жұмысының тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды – деп атап өтті министр.

Осы орайда, «Республикалық физика-математика мектебі» филиалдарында 3 жыл қатарынан «Үзік сынып жетекшісі» байқауы өтізіліп келе жатқандығын атап өткіміз келеді. Аталған байқаудың әр филиал бойынша жеңімпазы 1 миллион теңгеге ие болады. Бұл іс-шара сынып жетекшілерінің жұмысын насихаттап, жетілдіруге арналған керемет жоба болып табылады. Сонымен қатар «РФММ» филиалдарында «Кураторлар институты» жұмыс істейді.

Кеңейтілген алқа отырысынада айтылған келелі мәселелер бойынша «РФММ» КеАҚ  нақты жоспарлар құрылып, жүзеге асырылатын болады.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    05
    Feb
    26

    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

      04
      Feb
      26

      РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды

      2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…

        29
        Jan
        26

        Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция

        Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…

          23
          Jan
          26

          Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта

          2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…

            19
            Jan
            26

            «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды

            Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…

              14
              Jan
              26

              FIZMAT Education Fair – 2026 

              Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

                14
                Jan
                26

                XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

                Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…

                  12
                  Dec
                  25

                  Жас дарын жүлдесі

                  РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨

                    11
                    Dec
                    25

                    «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды

                    Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…

                      10
                      Dec
                      25

                      ⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!

                      Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…