Бас жүлде – РФММ-нің оқу гранты!

2025 жылғы 19-20 сәуірде Астанада жылдам шахматтан «Fizmat Chess Open Astana 2025» халықаралық турнирі өтеді. Іс-шара «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Турнирдің бірлескен ұйымдастырушысы – «GMCA» шахмат академиясы http://gmchess.kz.
Бұл турнирде 5-16 жас аралығындағы жас шахматшылар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, екі басты жүлде – Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) оқуға арналған демеушілердің гранттары үшін де бәсекелесуге мүмкіндік алады. Екі гранттың бірі – турнирдің ең үздік ойыншысы атанған ұлға, ал екіншісі – ең жоғары нәтиже көрсеткен дарынды шахматшы қызға беріледі.
Турнир швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрады және ФИДЕ-нің халықаралық рейтингі есепке алынады.
Жалпы жүлде қоры – 1 200 000 теңге.
Жеңімпаздарға ақшалай жүлде мен естелік сыйлықтар табысталады.
Өтетін күні: 2025 жылғы 19-20 сәуір
Өтетін орны: Астана қ. РФММ, Түркістан көшесі, 2/1
Тіркелу мерзімі – 17 сәуірге дейін: https://forms.gle/11PME3x4MPhnTKrT6
Байланыс: gmchessinfo@gmail.com | WhatsApp: +7 707 950 5460
Турнир жарнасы – 12 000 теңге.
Турнир ережесімен РФММ сайты арқылы таныса аласыздар: astana.fizmat.kz/fizmat-chess-open/
♟ Жеңіске жетіп, Қазақстандағы ең үздік мектептердің бірінде білім алу мүмкіндігіне ие бол!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…
РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!
Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…
FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!
Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…
FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті
Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста
Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…