ҚАЛАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ 2025!

2025 жылғы 12 сәуірде:
- математика (6-8 сынып)
- физика (7-8 сынып)
- информатика (6-8 сынып)
пəндері бойынша мектеп оқушылары арасында XXV ашық қалалық Жəутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – математика, физика, информатика пəндеріне қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және дарынды балаларға қолдау көрсету.
Олимпиада екі кезең бойынша өтеді:
- Іріктеу кезеңі – 2025 жылғы 12 сәуірде (онлайн форматта) өтеді. Іріктеу кезеңіне қатысу МІНДЕТТІ!
Іріктеу кезеңінен кейін финалдық оффлайн кезеңіне өткендердің тізімі анықталады.
Нəтижелер РФММ Алматы сайтында жарияланады.
Іріктеу кезеңіне тіркелу 2025 жылдың 4 сәуірден 10 сәуірге дейін (сағат 23:59-ге дейін) сілтеме бойынша жүргізіледі.
- Қорытынды кезең 2025 жылдың мамыр айында Алматы және Астана қалаларында РФММ базасында өтеді. Нақты күндер кейінірек жарияланады.
Тіркелген оқушылардың тізімі сайтта 11 сәуірде 16:00-ге дейін жарияланады.
Олимпиаданың іріктеу кезеңі (онлайн)
Күні: 12 сәуір 2025 ж.
Уақыты: 10:00-13:00
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ақтық кезеңге қатысушылар анықталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Олимпиаданың финалдық кезеңінде екі кезең бойынша ұпайларының қосындысымен шығарылады.
Олимпиадада үздік нəтиже көрсеткен қатысушылар I, II, III дəрежелі дипломдармен марапатталады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
«Халық таңдауы»: Астаналық РФММ оқушысы «Qyzyl Book Art» республикалық байқауында жеңіске жетті
Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 11-сынып оқушысы Оспан Мади «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық балалар суреті байқауында «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды….
Мықты мұғалім — мықты мектеп
РФММ Астана филиалының информатика пәні мұғалімі Қульжин Қайнар Нұрланұлы Apple Certified Teacher (ACT) кәсіби сертификатына ие болды. Бұл — арнайы емтихандар мен практикалық…
Жаңа оқу жылын бірге бастаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және «Республикалық физика-математика мектебінің» барша ұжымы! Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын…
Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы
Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…