2024-2025 оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды

«Мектебім, саған мың алғыс!»
Соңғы қоңырау – бұл жай ғана мектеппен қоштасу емес, бұл арманның бастауы, өткенге тағзым мен болашаққа сенім арту сәті.
Соңғы қоңырау – әр түлек үшін жүрекке мәңгі сақталатын ерекше сәттің белгісі.
Республикалық физика-математика мектебінің Астана қаласындағы филиалында биыл 160 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл – терең білім мен мәнді тәрбиені бойына сіңірген 8-ші түлектер легі.
Айрықша кешке – осы мектептің түлегі, бүгінде еліміздің маңызды саласына жетекшілік етіп отырған ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев те қадірлі қонақ ретінде арнайы шақырылды. Танымал түлектің қатысуы – оқушылар үшін үлкен мәртебе, шабыттың, жарқын болашаққа деген сенімнің символы болды.
Өз сөзінде ол РФММ-ді тебірене еске алып, оқушыларды адалдық пен еңбекқорлыққа үндеді. «Осы қабырғадан алған білім мен тәрбие – менің өмірлік жолымды айқындап берді» деп ерекше атап өтті.
Ата-аналар жүрекжарды тілектерін айтып, ұстаздарға өз алғыстарын білдірді.
Қоштасу вальсі мен арнайы әзірленген концерттік бағдарлама кешке айрықша әсер мен мазмұн қосты.
Ән мен жыр арқылы түлектер мектепке, ұстазға деген сағынышын жеткізді.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…
«Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирінде топ жарғандар
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі нағыз интеллектуалды тартыс алаңына айналды.Екі күн бойы қатысушылар 11 турдан…
Ашық есік күні және Байқау тесті
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық…





