Үздік сынып жетекшісі – 2025

Республикалық физика-математика мектебінің Астана филиалы «Үздік сынып жетекшісі – 2025» байқауын қорытындылады. Байқаудың негізгі мақсаты сынып жетекшілерінің мәртебесін көтеру, тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерін насихаттау болып табылады.
«Үздік сынып жетекшісі» – 2023 жылдан бастау алған байқау. 2024-2025 оқу жылында аталған байқауға қатысуға «РФММ» КеАҚ Астана филиалының 5 педагогы өтініш білдірген.
Байқау шарты бойынша сынып жетекшілері осы оқу жылының барысында өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, ашық сабақтар өткізді және өз таңдаулары бойынша мектепішілік іс-шара ұйымдастырды. Сонымен қатар әр ұстаз қазылар алқасының назарына өз портфолиоларын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша:
- Бакенова Бақытгүл Замашқызы, 4 В сыныбының жетекшісі, «Ең мейірімді сынып жетекші» номинациясын жеңіп алды және 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.
- Хафиз Өркен Мұхитұлы, 6 D және 6 F сыныптарының жетекшісі, «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатқа ие болды.
- Қуандыкова Алтын Серікқызы, 2 D сыныбының жетекшісі, 3 – орын иеленіп, 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.
- Кәлемшарип Харахат, 3 В сыныбының жетекшісі, 2-орынды жеңіп алды және 250 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатқа ие болды.
- Мырзахмет Әнуар Бақытжанұлы, 7 Е сыныбының жетекшісі, 2025 жылдың «Үздік сынып жетекшісі» атанды және 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені жеңіп алды.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы
Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…



