Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
28
Nov
25

Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы атанған Эдгар Мамедов, Алматы қаласындағы РФММ оқушысы бар. ♟️

Мемлекет басшысы жас спортшылардың жетістіктері елдің шахматтағы болашағының зор екенін көрсететінін айтып, оларды үлкен мақсаттар қоюға және жаңа жеңістерге ұмтылуға шақырды.

«Шахмат — ұлы өнер. Сондықтан онымен күн сайын тиянақты, арнайы кітаптар оқи отырып шұғылдану қажет», — деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат тақтасына естелік жазу қалдырды. Сондай-ақ, чемпиондарға Ақорда резиденциясында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. ️

РФММ оқушысы Эдгар Мамедовпен мақтанамыз! Ол алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    23
    Jan
    26

    Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта

    2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…

      19
      Jan
      26

      «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды

      Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…

        14
        Jan
        26

        FIZMAT Education Fair – 2026 

        Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…

          14
          Jan
          26

          XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026

          Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…

            12
            Dec
            25

            Жас дарын жүлдесі

            РФММ 3 сынып оқушысы Болат Мағжан “DARYN” ұйымдастырған Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқау-фестивалінде Гран – При ұтып алды. Құтты болсын✨

              11
              Dec
              25

              «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында РФММ педагогтері марапатталды

              Республикалық физика-математика мектебінің қос ұстазы Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсында марапатталды! РФММ ұстазы Зайцева Е.П. «Менеджмент» секциясы бойынша I орынға ие болды! Ұсынылған…

                10
                Dec
                25

                ⚽️ РФММ оқушысы халықаралық «ASTANA CUP» турнирінің күміс жүлдегері атанды!

                Бұл беделді додада Гимранов Алихан «Астана» футбол орталығы құрамында өнер көрсетіп, Елордамыз бен мектебіміздің абыройын асқақтатты! ✨ ⭐️ Табандылығы мен шебер ойынының нәтижесінде…

                  09
                  Dec
                  25

                  Байқау тесті басталды!

                  Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…

                    07
                    Dec
                    25

                    VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі

                    FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…

                      04
                      Dec
                      25

                      XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!

                      2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…