Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
23
Jan
26

Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта



2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізіліп, «Заң және тәртіп» құндылығына арналды.

Апталықтың негізгі мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық, жауапкершілік, тәртіп және азаматтық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Бес күн бойы 1–4 сынып оқушылары түрлі танымдық, тәрбиелік және интерактивті іс-шараларға белсенді қатысты.

Апталықтың салтанатты ашылуы 19 қаңтар күні өтті. Осы күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Мектептің қауіпсіз болуы үшін мен не істей аламын?» тақырыбында шағын сауалнама жүргізіліп, бейнероликтер әзірленді. Оқушылар жеке жауапкершілік, өзара сыйластық пен қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.

20 қаңтар күні іс-шаралар мазмұны жағынан аса ауқымды болды. 2–3 сынып оқушыларына арналған «Болады — болмайды» атты интерактивті ойында мінез-құлық нормалары мен күнделікті өмірдегі жағдаяттар талқыланды. Ал 1-сынып оқушылары «Заң және тәртіп» квестіне қатысып, логикалық тапсырмалар мен командалық жұмыс арқылы білімдерін көрсетті.


Сондай-ақ осы күні оқушылар полиция полковнигі, отставкадағы қызметкер, ҚР Бас прокуратурасының экс-прокуроры Ардақ Мамырбекұлы Сансызбаевпен кездесті. Кибербуллинг тақырыбындағы кездесу барысында балалар цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен өзара құрметтің маңызын түсінді. Сонымен қатар «Тәртіпті сақтауға кім көмектеседі?» атты панельдік сессия өтіп, оқушылар мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандардың қызметімен танысты.

21 қаңтар күні бастауыш сынып оқушылары балалар жазушысы Мадина Омармен кездесті. «Айша және қауіпсіздік ережелері» кітабы негізінде өткен кездесуде екінші сынып оқушылары адамгершілік, жауапкершілік пен тәрбие туралы әңгімелесті. Ал бірінші сыныптарға арналған «Тәртіпті кім орнатады?» ойыны арқылы балалар өз білімдерін бекітті.

22–23 қаңтар күндері «Заң және тәртіп әлеміне саяхат» атты ойын сабақтары мен «Жол қозғалысы ережелерінің жас білгірі» байқауы өткізілді. Апталықтың қорытынды іс-шарасы ретінде 3–4 сынып оқушылары адвокат Сағынғали Нұрхатұлы Елеуовпен кездесіп, құқықтар мен міндеттер, әділдік ұғымдары туралы қарапайым әрі түсінікті ақпарат алды.

Апта бойы мектепте «DosbolLike» сурет көрмесі жұмыс істеп, сынып сағаттары мен тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызықты әрі қолжетімді форматта өткізілді.

Қазіргі таңда Астана филиалының бастауыш мектебінде 19 сынып бар. Апталық барысында барлық сыныптарда тақырыпқа сай ашық сабақтар өткізілді, оқушылар жоғары белсенділік танытты.

Аталған апталық бастауыш мектеп оқушыларына заң мен тәртіптің маңызын ерте жастан ұғындырып, жауапты, адал және белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Прикрепленные файлы

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    27
    Mar
    26

    Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды

    Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…

      26
      Mar
      26

      РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!

      Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…

        25
        Mar
        26

        FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!

        Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…

          17
          Mar
          26

          Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…

            16
            Mar
            26

            FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті

            Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…

              09
              Mar
              26

              Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!

              2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…

                07
                Mar
                26

                РФММ Жыл Мұғалімі – 2026

                өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. ‍ Қатысушылар:…

                  26
                  Feb
                  26

                  Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста

                  Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…

                    05
                    Feb
                    26

                    7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!

                    Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…

                      04
                      Feb
                      26

                      РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды

                      2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…