2027–2028 оқу жылына 7-сыныпқа қабылдау: онлайн тіркелу басталды

Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2027–2028 оқу жылына 7-сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізеді.
Қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026 жылғы 29 қараша мен 2027 жылғы 9 қаңтар аралығында, сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Емтихан өтетін қалалар:
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал және Шымкент.
Қабылдау емтиханы: 2027 жылғы 24 сәуір.
- Емтихан ұзақтығы – 120 минут.
- Жауап парағын толтыруға қосымша 15 минут беріледі.
- Тапсырмалар саны – 30.
Емтихан нәтижелері 2027 жылғы 14 мамырға дейін жарияланады.
Онлайн тіркелу және қабылдау туралы толық ақпарат:
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
- Алматы қаласы: +7 747 674 6519
- Астана қаласы: +7 775 720 8629
- Орал қаласы: +7 777 529 7767
Назар аударыңыз! Көрсетілген байланыс нөмірлері WhatsApp мессенджеріне арналған. Сұрақтарыңызды мәтіндік хабарлама түрінде жолдауға болады. Телефон қоңырауларына жауап берілмейді.
Хабарласу уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00–18:00 аралығы.
Барлық үміткерлерге конкурстық іріктеуде сәттілік тілейміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ оқушысы шахматтан әлем чемпионы атанды!
Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Әміржан Әнетов Испанияда өткен шахматтан әлем чемпионатында топ жарып, 11 жасқа дейінгі санатта классикалық шахматтан әлем чемпионы атанды! 2026…
«Халық таңдауы»: Астаналық РФММ оқушысы «Qyzyl Book Art» республикалық байқауында жеңіске жетті
Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 11-сынып оқушысы Оспан Мади «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық балалар суреті байқауында «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды….
Мықты мұғалім — мықты мектеп
РФММ Астана филиалының информатика пәні мұғалімі Қульжин Қайнар Нұрланұлы Apple Certified Teacher (ACT) кәсіби сертификатына ие болды. Бұл — арнайы емтихандар мен практикалық…
Жаңа оқу жылын бірге бастаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және «Республикалық физика-математика мектебінің» барша ұжымы! Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын…
Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы
Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…