Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады
Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқау алғаш рет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған.
✔️ Мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.
Байқауға барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Ол үш кезеңде өтеді:
I кезең (аудандық) – 2024 жылғы 17-18 қыркүйек;
II кезең (облыстық) – 2024 жылғы 24-25 қыркүйек;
III кезең (республикалық) – 2024 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді.
Байқаудың әр кезеңінде қатысушыларға бейнеролик форматында шығармашылық сынып сағатын көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жүйесін ұсыну, өзін-өзі таныстыру, өз жобаларын қорғай отырып, педагогикалық қызметте әртүрлі жағдайларға талдау жасау талаптары қойылады.
Қорытынды жұмыстар білім беру саласындағы сарапшылар тарапынан педагогтердің кәсіби және қоғамдық қызметі негізінде бағаланатын болады. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады, ал бас жүлдегерге ведомстволық награда тапсырылады.
Қосымша ақпарат https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy сайтында берілген.
Вам также может быть интересно:
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Алматы және Астана қалаларында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. РФММ-гі «Ашық есік күніне» екі қала бойынша 1000-ға жуық оқушы мен…
VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасы
Құрметті 1-5 сынып оқушылары! ✅Сіздерді VII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз. ❄️ Олимпиада 2024 жылғы 8 желтоқсанда өтеді. Олимпиада…
Ашық есік күні – 2024
2024 жылдың 16 қарашасында РФММ-нің Астана қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын қатысуға шақырамыз. Қонақтарға келесі бағдарлама ұсынылады: Қонақтарды…
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады.
Президент тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерін қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен депутаттардың республикалық форумында: «Балалар…
«РФММ» КеАҚ мен «Антиплагиат.Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Республикалық физика-математика мектебі» (РФММ) және «Антиплагиат-Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа келісімнің нәтижесінде «РФММ» мектептері оқушылардың жоба, емтихан және өзге де…
«РФММ» КеАҚ-ның Астана қаласындағы филиалына ақылы негізде оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға онлайн тіркелу басталды.
Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! 2024 жылғы қазан айының 01-25 күндері https://admissions.fizmat.kz сайттында «РФММ» КеАҚ-ның Астана филиалына ақылы негізде оқуға түсуге арналған емтихандарға онлайн тіркелу…
Используйте с пользой свободное время!
Сегодня в столичном филиале «РФМШ» была организована ярмарка «Кружковой работы, спортивных секций и социальных клубов». Учителя и учащиеся старших классов представили больше 20…
В стране стартует республиканский конкурс на звание «Лучший классный руководитель – 2024»
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК В стране стартует республиканский конкурс на звание «Лучший классный руководитель – 2024» Министерство просвещения Республики Казахстан…
По 5,5 миллионов тенге получат казахстанские школьники за победу на всемирных олимпиадах
Денежные премии получат 26 казахстанских школьников, завоевавших призовые места на ТОП-7 престижных олимпиадах. Общая сумма вознаграждения превысит 77,5 миллионов тенге. По итогам 2023-2024…
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін 5,5 миллион теңгеден сыйақы алады
Әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады. 2023-2024 оқу…