Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі филиал г. Астана
09
Nov
23

Химия пәні бойынша Республикалық олимпиададан күміс медаль



2023 жылдың 30 қазанынан 2 қарашасына дейін Жезқазған қаласында химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиада өтті. Олимпиада неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химияға деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңдетіп оқуды ынталандыру мақсатында өткізілді. Зияткерлік сайыста Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 75 қатысушы бақ сынасты. Оқушыларды 30-дан астам мұғалім-тәлімгер ертіп жүрді.

Қатысушыларға арналған тапсырмалар екі кезеңге бөлінді – теориялық және практикалық. Бірінші кезеңде оқушылар күрделілігі жоғары мәселелерді шешті, ал екінші кезеңде химиялық заттарды қасиеттері бойынша анықтау мақсатында дербес зертханалық жұмыстар жүргізді.

ҚР Білім Министрлігінің I дәрежелі дипломдарымен және алтын медальмен 7 жеңімпаз, II дәрежелі – 10 жүлдегер, III дәрежелі – 18 олимпиадаға қатысушы марапатталды.   Біздің 9-сынып оқушысы Балғабай Алдияр Еркіндосұлы күмісті жеңіп алды.

РФММ мектебінің ұжымы Алдиярды, олимпиадалық химия жаттықтырушысы Райсханова Гүлжанат Советовнаны және химия пәні мұғалімі Матаева Әсел Жұмабаевнаны лайықты жеңісімен құттықтап, химия пәні саласында одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!

 

 

Айдарлар

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

09
Dec
25

Байқау тесті басталды!

Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…

    07
    Dec
    25

    VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі

    FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…

      04
      Dec
      25

      XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!

      2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…

        03
        Dec
        25

        ✨ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖАС ТҰЛҒА!

        РФММ оқушысы Анетов Амиржан Бангкок қаласында өткен халықаралық жарыста Рапид бойынша Азия чемпионы атанды! ♟️ Бұл — үлкен еңбектің, табандылықтың және талмай ізденудің…

          03
          Dec
          25

          Мектеп мақтанышы!

          8 «В» сынып оқушысы Сариев Нурамир Дарханұлы Бангкокта (Таиланд) өткен “Jiu-Jitsu World Cup 2025” жарысында қола медальға ие болды! Бұл жетістік — қажырлы еңбектің,…

          28
          Nov
          25

          Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р

           Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды.  6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…

            28
            Nov
            25

            Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті

            Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…

              24
              Nov
              25

              РФММ оқушысы Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды

              РФММ оқушысы Сабитов Ислам Президенттік олимпиадада қола медаль иегері атанды! Бұл – үлкен жетістік әрі мектеп мақтанышы. Исламның дайындығына үлес қосқан ұстаздары: –…

                17
                Nov
                25

                Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!

                2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…

                  14
                  Nov
                  25

                  VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

                  Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…