Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін 5,5 миллион теңгеден сыйақы алады
Әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленді. Бұл олимпиадалар: IMO (математикадан), IPhO (физикадан), IBO (биологиядан), IChO (химиядан), IOL (лингвистикадан), IGeO (географиядан) және IOI (информатикадан).
Талантты оқушылардың қатарында «РФММ» КеАҚ оқушылары да бар. Олар:
1. Цой Максим – International Olympiad in Informatics – күміс медаль иегері;
2. Аманжолов Әмірлан – International Mathematical Olympiad – күміс медаль иегері;
3. Нұрсағатов Марғұлан – International Physics Olympiad – күміс медаль иегері;
4. Қазымбек Ілияс IPhO Olympiad – қола медаль иегері
Бұл жетістік тек біздің физика-математика мектебінің ғана емес, барша Қазақ Елінің жеңісі, – деп білеміз.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….
8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…
Хабарландыру!
Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…
7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат
12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….
7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат
2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…
FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!
Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…
Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026
2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST…
Қабылдау емтиханы туралы ақпарат
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…
«Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирінде топ жарғандар
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі нағыз интеллектуалды тартыс алаңына айналды.Екі күн бойы қатысушылар 11 турдан…