Ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен еңбекке ұштастырылуы қажет” – бастауыш сынып мұғалімі Джампеисова Шолпан Сламияқызы
Джампеисова Шолпан Сламияқызы Жетісу облысы Жаркент қаласында дүниеге келді. Әкесі бухгалтерлік қызметте болса, анасы 40 жылдан аса математика пәнінің мұғалімі – ардақты ұстаз болды. Анасының жолын қуып мұғалімдік мамандықты таңдады. Ұстаздық еңбек жолы 1994 жылы Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Кішішыған ауылында басталған. 1998 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласында №32 ЖБММ мектепте қызмет атқарды, содан 2015 жылы арман қуып, Астана қаласына қоныс аударып, №66 мектеп-лицейінде еңбек жолын жалғастырды. 2016 жылы Астана қаласында жаңадан ашылған Республикалық физика- математика мектебінің арнайы қабылдау конкурсынан өтіп, бастауыш сынып мұғалімі болып орналасты. Осы білім ордасында 8 жыл бойы еңбек етіп келеді. Шолпан Сламияқызы бастауыш сыныптарда математика, сингапурлық математика және олимпиадалық математикадан сабақ береді. Сонымен қатар олимпиадалық резервтегі оқушылармен жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, 2023 және 2024 жылы екі дүркін 2-4 сыныптар оқушыларына арналған республикалық «Бастау» математикалық турнирінде Бас жүлде алып, жеңімпаз болса, мектебімізден 2016 жылдан бастау алған математикадан FEMO International халықаралық олимпиадасында шәкірттері жүлделі орындар алды. Сонымен қатар 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсында көптеген оқушылары 1,2 және 3-орынды иеленді. Сингапурлық математикадан, олимпиадалық есептерді шешу жолдары және сын тұрғысынан ойлау әдістері туралы көптеген республикалық және қалалық семинарлар өткізді. Еңбегінің нәтижесі 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы», 2021 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» берілді. 2022 жылы «Балапан» телеарнасында еліміздегі үздік оқушыларды қолдауда «Білім бәйгесі» зияткерлік телесайысында қазылық етіп, жобаның сапалық деңгейін арттыруға атсалысқаны үшін «Алғыс хат» алды. 2023 жылы «РФММ – 50 жыл төсбелгісімен» марапатталды. Біліктілік санаты педагог – шебер. 2020 және 2021 жылдары бастауыш білім деңгейі бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендеріне сараптама жүргізді. “Үздік мұғалім – 2024” байқауының жеңімпазы сұхбатында математика сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі туралы ойымен бөлісті.
“Жыл мұғалім – 2024” байқауына қатысу сізге не берді?
“Жыл мұғалім – 2024” байқауынан мен көп тәжірибе алдым. Байқау оқу жылы бойы үш кезеңнен болды. Бірінші кезеңде ашық сабақ өткізіп ұстаздық тәжірибеммен бөлістім. Екінші кезеңде тек ұстаз емес басқада яғни ән айту, домбыра тартып, тоқыма тоқу өнерімді көрсеттім. Ал үшінші кезең 5 жылдық еңбек нәтижесі бойынша портфолио жасап өткіздік. Байқау барысында мен өзіме деген сенімділігім, мамандығыма деген сүйіспеншілігім артып, бәсекелестік оңай еместігін білдім. Бұл байқауға қатысқан басқа да мықты ұстаздардың арасынан жүлдегер болу, мен үшін үлкен жетістік, қуаныш болды.
Осы байқаудың арқасында өзіңіз үшін қандай жаңа жаңалықтар аштыңыз?
Басқарма және мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған бұл байқау мұғалімге мотивация, үлкен тәжірибе берді. Әрбір кезеңде мұғалімге нақты нұсқаулар, критерийлер берілгендіктен, әр кезең түсінікті болып, қорытындысы шығып отырды. Осындай байқаулар ұйымдастырып, мектебіміздегі ұстаздардың шығармашылық , жан-жақты өсуіне қолдау жасаған басқарма, мектеп әкімшілігіне үлкен рақмет.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп, Абай атамыз айтқандай, мен осы мамандықты жақсы көріп таңдадым. Әр сабағымды мейілінше түрлендіріп, балаларға түсінікті және қызықты өткізуге тырысамын. Бұл байқауға қатысу барысында менде жан-жақты ізденіс барысында және шығармашылық бағытта құлшыныс болды.
Байқауда жеңіске жетуге не көмектесті деп ойлайсыз?
Әрине байқауда жеңіске жетуге өзіме деген сенімділігім, мамандығыма деген сүйіспеншілігім, әріптестерімнің, ата-аналарымның және оқушыларымның қолдауы көмектесті. «Өзара сыйластықтың алмайтын қамалы жоқ»- демекші, әрбір қолдау көресеткен жандарға алғысым шексіз! Еңбегім ақталып, байқауда жеңіп шыққаныма қуаныштымын.

Өз жұмысыңызда оқытудың қандай әдістері мен тәсілдерін қолданасыз?
Қазақ халқында «білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» -деген жақсы сөз бар, әлбетте әсіресе ұстаз болған соң, мен әркез өзім де көп ізденіп, жаңалықтардан қалмай, әркез білім алуға тырысамын. Қазіргі ақпараттық қоғамда балалардың дамуы ерекше. Сондықтан мұғалім де оқытудағы заманауи озық технологияларды қолданып, білім саласындағы заманауи үдерістен қалмай, оқушының білім сапасын арттыру керек. Қазіргі кезде білім берудің мазмұны жаңарды, өзгерістер болуда, сондықтан заманның талабына қарай сабақтағы әдіс-тәсілдер де өзгеруде. Мен әр сабағымда оқушыларым жақсы түсініп, терең білім алу үшін, қызықтыру мақсатында оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен қатар ақпараттық жаңа технологияларды қолданамын. Мысалы, https://www.plickers.com/library қосымшасы көбінесе оқушылардың жаңа білімді қалай түсінгенін тиянақтауда өте тиімді. Балалар берілген тапсырмаларды орындап, QR кодты пайдаланып, өз жауаптарын көрсетеді. Барлық оқушының жауабы бірден көрініп, нәтижесі талданады. Сонымен қатар оқушылармен «Тұмарша» ойыны https://www.tarsiamaker.co.uk/ қосымшасымен жасау өте тиімді. Оқушылар топпен тапсырманы орындап, жауабы жазылған тұмаршаны сәйкестендіріп пазл құрап шығады. Мұғалім тарапынан берілген нақты жауапты алып өзін-өзі тексеру болады. Сондай-ақ мен сабақтарымда сингапурлық математикасында қолданатын ресурстар мысалы, арнайы разрядтар жазылған дисктер, оқушылардың үш таңбалы сандарды ондықтан аттап көбейтіп, бөлуді жақсы үйренуге көмектеседі. Оқытудағы жаңа технологиялар ұстаз бен оқушыға аз жұмыс жасап, жақсы нәтижелерге жетуге болады. Сонымен қатар ақпарат көздерін пайдаланып, сабақта белсенді қатысу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқуға деген ынтасын арттырады.
Осы оқу жылында сіз және оқушыларыңыз қандай нәтижелерге қол жеткізді?
Осы оқу жылы мен үшін жемісті болды. Көптеген іс-шаралар атқарылып, оқу жылын жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Шығармашылығымды дамытуда мұғалімдерге арналған Математикадан бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында 1-орын, Қазақ тілі пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында 3-орын алдым. «РФММ Жыл-мұғалімі» байқауға қатысып, жеңімпаз болдым. Сондай-ақ шәкірттерім де математикадан олимпиадаларға қатысты, атап айтар болсам Казкенов Абулхаир “Бастау” XVII Республикалық математикалық олимпадада топтық есепте Бас жүлде алса, жеке есепте 1-орын иеленді. Сондай-ақ биыл Ташкентте өткен VI Халықаралық FEMO International олимпиадасы финалында шәкірттерім Аймышев Карим және Казкенов Абулхаир 1-орын, Базар Ерасыл мен Калимбетов Мадиар 2- орын, Алиакбар Санжар 3-орын алып, мектебіміздің дәрежесін, Қазақстан оқушыларының білім деңгейінің жақсы екенін көрсетіп қайтты.
Неліктен мұғалімдер осындай конкурстарға қатысу керек деп ойлайсыз?
Мұғалімдер осындай байқауға қатысу керек. Себебі байқауға қатысқанда мұғалім өз тәжірибесін шыңдап, білімін кеңейтеді, өзіне деген сенімділігі артады. Сонымен қатар мұғалім байқауға қатысу арқылы өзін дәлелдеп қана қоймайды, өзге мұғалімдердің қай деңгейде тұрғанынан хабардар болады және өзін дамыта түсу үшін құлшыныс пайда болады. Бұл, тек сайыс қана емес, тәжірибе алмасу деп атаса да болады. Осындай байқаулар мұғалім жұмысына шабыт сыйлап, тәжірибе жинап, бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Ашық есік күні және Байқау тесті
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық…
Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…
РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!
Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…
FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!
Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…
FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті
Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста
Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…