VII FEMO International Халықаралық олимпиадасының нәтижесі

Бастауыш сынып оқушыларына арналған VII FEMO International Халықаралық математика олимпиадасының финалдық кезеңі биыл Бакуде өтті.
Аталған білім сайысының ақтық кезеңіне «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Астана және Орал қалаларындағы филиалдарынан 140 оқушы қатысып, 84 медаль иеленді!
FEMO олимпиадасы үш кезеңнен тұрады. 2024–2025 оқу жылында ұйымдастырылған алғашқы екі (қысқы ❄️ және көктемгі ) іріктеу кезеңіне 6 000-нан астам оқушы қатысып, нәтижесінде 437 оқушы финалға жолдама алды.
Финалға Қазақстан , Әзербайжан , Германия , Грузия , Индонезия , Ұлыбритания , Ресей , Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен дарынды жас математиктер келіп, білімдерін сынға салды.
Финал Oxbridge Academy мектебінің базасында өтті. Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін ерекше атап өтті ✅
Олимпиада бағдарламасы аясында екі кезеңдік жарыстан бөлек, қатысушылар Бакудің тарихи орындарына саяхат жасап , елдің мәдениетімен танысты
FEMO-ның басты миссиясы — бастауыш сынып оқушылары арасында математиканы насихаттау , сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту
Олимпиаданы ұйымдастыру ісіне Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі, Oxbridge Academy мектебі және Xezer Media Merkezi үлкен қолдау білдірді.
✨ FEMO — Республикалық физика-математика мектебімен жүзеге асырылып отырған ауқымды жоба.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылған бұл олимпиада жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ең талантты жас математиктерді бір арнаға тоғыстыратын маңызды халықаралық білім алаңына айналды
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста
Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…
7-сыныптың конкурстық емтиханына тіркелу басталды!
Құрметті үміткерлер! Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 7-сыныбына қабылдау конкурстық іріктеу емтиханы арқылы жүзеге асырылады. Емтиханға тіркелу тәртібі https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз «Қалай түсуге болады?»…
РФММ оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарды жеңіп алды
2–7-сынып оқушыларын «Зерде» ғылыми жобалар байқауындағы тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жүлделі орындар мен марапаттар I орын Бупешев Алим – Информатика, робототехника, STEM-инженерия (7-сынып) Ғылыми…
Ұлттық қор – балаларға: болашаққа инвестиция
Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда – балаларға жыл сайынғы есептеу жүргізілді ✅ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында тұрғын үй мен білімге 31,6…
Адал азамат: бастауыш мектептегі тәрбиелік апта
2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Республикалық физика-математика мектебі КеАҚ Астана филиалының бастауыш мектебінде бастауыш сыныптарға арналған дәстүрлі апталық ұйымдастырылды. Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы…
«Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауы басталды
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) 2026 жылға арналған «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды. Байқау сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқу-тәрбие жұмысындағы…
FIZMAT Education Fair – 2026
Алматы қаласында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында FIZMAT Education Fair – 2026 білім беру көрмесі өтті. Іс-шараға 25 жоғары оқу орны мен білім…
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – 2026
Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық зияткерлік додаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысты. Олимпиада…





