FIZMAT оқушысы “Ойлан тап!” олимпиадасының Бас жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстанда алғаш рет өткен «ОЙЛАН, ТАП!» олимпиадасының Бас жүлдесін Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы жеңіп алды.
Алматы қаласындағы РФММ-нің 8-сынып оқушысы Абзал Күнғожин тартысты сайыстағы тапсырмаларды 100 пайыз дұрыс орындап таңқалдырды.
Абзал Күнғожин, Алматы РФММ-нің 8-сынып оқушысы:
«Ойлан тап!» олимпиадасы мен үшін өте ерекше болды. Cайыс барысында біз барлығы 13 тапсырма орындадық. Оның ішінде 10 есептің тек жауабын ғана жазсақ, 3 тапсырманың шешімін толық көрсетуге тиіс болдық. Мен өзімнің жаттықтырушыларым және Алматы РФММ оқытушылары: Бақыт Жанасұлы, Архат Садырбайұлы және Қуаныш Жеңісбайұы мен Асқар Аманжолға айрықша алғыс білдіремін. Олар өз шәкірттерін кез келген додаға тыңғылықты дайындайды. Соның нәтижеінде мен барлық есепті қатесіз шығарып, бас жүлдені жеңіп алдым.
Қазақстанның әр өңірінен 150-ге жуық оқушы қатысқан білім бәсекесінде «РФММ» КеАҚ Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарынан 5 оқушы бақ сынап, барлығы да олжалы оралды.
Академик М.Өтелбаев атындағы «ОЙЛАН, ТАП!» республикалық олимпиадасы биыл алғаш рет өткізілді. 7-8 сынып оқушыларының математикаға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен олимпиада 2025 жылғы 11-14 мамыр аралығында Таразда ұйымдастырылған
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған олимпиада отандық білім мен ғылымды ұштастыра отырып, ұшқыр ойлы, зияткер ұрпақ қалыптастыруды көздейді.
Республикалық физика-математика мектебі «Ойлан тап!» олимпиадасында оза шапқан жеңімпаздарын мақтан тұтады. Жеңімпаз оқушыларымыз:
7 сынып:
Төлеуғали Жансерік — алтын «РФММ» КеАҚ Астана филиалының оқушысы
Садуақас Марат — алтын «РФММ» КеАҚ Астана филиалының оқушысы
8 сынып:
Күнғожин Абзал — алтын «РФММ» КеАҚ Алматы филиалының оқушысы
Өмірғожа Нұрдәулет — алтын «РФММ» КеАҚ Алматы филиалының оқушысы
Абишев Данияр — қола «РФММ» КеАҚ Алматы филиалының оқушысы

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
«Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирінде топ жарғандар
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі нағыз интеллектуалды тартыс алаңына айналды.Екі күн бойы қатысушылар 11 турдан…
Ашық есік күні және Байқау тесті
Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық…
Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…
РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!
Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…
FIZMAT мұғалімі — ТМД үздігі!
Fizmat мектебінің білікті математика мұғалімі Дана Уйсинбаевна Халықаралық «ТМД-ның үздік педагогі» байқауының жеңімпазы атанды! Бұл жеңіс — Дана Уйсинбаевнаның кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегінің…
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны жүзеге асыру туралы жарлыққа қол қойды. Конституция – біздің елдің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешегіне әсер ететін…
FEMO 2026: Көктемгі кезең өз мәресіне жетті
Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл білім бәйгесіне 22 елден 3 мыңға жуық оқушы қатысты! ✨ Есеп шығару уақыты: • 1–2 сынып – 1…
Қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды!
2026–2027 оқу жылында Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге арналған қабылдау емтиханына тіркелу аяқталды. Құрметті үміткерлер! Естеріңізге саламыз, негізгі емтихан 2026 жылдың 25…
РФММ Жыл Мұғалімі – 2026
өАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде “РФММ Жыл мұғалімі” байқауы басталды! Байқауға қатысушы барлық ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Жеңімпаз мамыр айында белгілі болады. Қатысушылар:…
Ұлт ғылымының дара тұлғасы – 70 жаста
Республикалық физика-математика мектебі өзінің танымал түлегі — математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Ғалымның өмір жолы…