Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Астана қ. филиалы
22
Apr
25

Халықаралық «Fizmat Chess Open Astana 2025» турнирі: Шахмат ойнап, грант ұтып алған ұл мен қыз



 

Халықаралық «Fizmat Chess Open Astana 2025» турнирі осымен төртінші мәрте ұйымдастырылды.

 «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Басқармасына қарасты Алматы, Астана, Орал қалаларында да турнир жыл сайын өткізіліп тұрады.

Астанадағы биылғы турнирге 300-ден аса оқушы қатысты. Олардың 30 жуығы қыздар.

Биылғы турнирге Астана, Алматы, Талдықорған, Павлодар, Петропавлск, Қарағанды және тағы басқа қалалардың шахматшылары қатысты.

Географиялық ауқымы кең турнир ата-аналар мен оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие бола түсуде.

«Fizmat Chess Open Astana 2025» турнирі өте тартысты өтті.

Бас жүлде – РФММ грантын алуға ұмтылған ұл-қыздардың қай қайсысы болсын қарсыласын қапы қалдыруға тырысып бақты.

Турнир ұйымдастырушылары: РФММ, Қазақстан шахмат федерациясы және GMCA шахмат академиясы.

Шахмат мерекесі балалардың шеберліктерін шыңдауға зор шабыт берді.

Халықаралық «Fizmat Chess Open Astana 2025» турнирінің жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:

Жалпы есеп бойынша жүлделі орындар:
1-орын — Төлегенов Амир
2-орын — Ахмет Сүлейман
3-орын — Құсайын Алтынбек

4–9 орын иегерлері:
4-орын — Әбдірашев Руслан
5-орын — Булатов Дінмұхамед
6-орын — Қабылбек Еділ
7-орын — Мұсаұлы Нұрәли
8-орын — Болатов Алан
9-орын — Ағзам Әлішер

Қыздар арасындағы үздік үштік:
1-орын — Өмірсерік Алима
2-орын — Рау Мүнира
3-орын — Скурыгина София

Арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар:
12 жасқа дейінгі қатысушылар арасындағы ең үздік нәтиже: Төлегенов Әнуар
Ұлдар арасында үздік ең үздік нәтиже көрсеткен РФММ оқушысы: Өмірзақ Қосай
Қыздар  арасында ең үздік нәтиже РФММ оқушысы: Хати Хадиша

Бұл турнир жас шахматшылардың дарындылығын, логикалық ойлауын және табандылығын көрсетті. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздерді келесі турнирде күтеміз!

 

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    28
    Oct
    26

    РФММ оқушысы шахматтан әлем чемпионы атанды!

    Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Әміржан Әнетов Испанияда өткен шахматтан әлем чемпионатында топ жарып, 11 жасқа дейінгі санатта классикалық шахматтан әлем чемпионы атанды! 2026…

      28
      Sep
      26

      «Халық таңдауы»: Астаналық РФММ оқушысы «Qyzyl Book Art» республикалық байқауында жеңіске жетті

      Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 11-сынып оқушысы Оспан Мади «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық балалар суреті байқауында «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды….

        07
        Sep
        26

        Мықты мұғалім — мықты мектеп

        РФММ Астана филиалының информатика пәні мұғалімі Қульжин Қайнар Нұрланұлы Apple Certified Teacher (ACT) кәсіби сертификатына ие болды. Бұл — арнайы емтихандар мен практикалық…

          01
          Sep
          26

          Жаңа оқу жылын бірге бастаймыз!

          Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және «Республикалық физика-математика мектебінің» барша ұжымы! Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын…

            03
            Aug
            26

            Neuralese – РФММ оқушылары әзірлеген жаңа буын білім платформасы

            Жасанды интеллект технологияларымен көпшілік енді ғана танысып жатқан уақытта, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Рамазан Ахмет, Бүпешев Әлім және Қасымов Арыстан білім беру саласына…

              24
              Jun
              26

              ХАБАРЛАНДЫРУ!

              Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалының 8-сыныбына түсу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстық іріктеудің қорытындысы шығарылды. Тестілеуге барлығы 1186 үміткер жіберілді….

                10
                Jun
                26

                8-сыныпқа конкурстық іріктеу өтті

                Бүгін Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу өтті. Қабылдау емтиханы РФММ-ның Алматы, Астана және…

                  08
                  Jun
                  26

                  Хабарландыру!

                  Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

                    18
                    May
                    26

                    7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

                    12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

                      16
                      May
                      26

                      7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

                      2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…