Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Астана қ. филиалы
04
May
26

Хьюстон төріндегі FIZMAT жеңісі: FIRST Championship 2026



2026 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында FIZMAT Robotics және FoxSlide робототехникалық командалары АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FIRST Championship — FIRST Tech Challenge чемпионатында Астана қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалын абыроймен таныстырды.

FIZMAT Robotics #28061 Franklin Division бойынша беделді Reach Award жүлдесінің иегері атанды. Бұл марапат команданың STEM-қоғамдастықты дамытуға қосқан үлесі, робототехниканы насихаттауы, outreach-қызметі, тәжірибе алмасуы және жаңа қатысушыларды шабыттандыруы үшін беріледі.

FoxSlide #29029 Edison Division-де жоғары нәтиже көрсетті: іріктеу кезеңінде 6 жеңіске қол жеткізіп, плей-офф кезеңіне өтті. Бұл — үлкен халықаралық тәжірибе, мінездің, командалық рухтың көрінісі және алға сенімді қадам.

FIZMAT робототехника бағытын дамытуға қосқан еңбегі, қолдауы мен сенімі үшін оқушыларға, менторларға және ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ демеушілеріміз — FIZMAT Endowment Fund, LEX inc., Alto Grain, Olzha Agro — STEM-білім беруді дамытуға, инженерлік мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлестері үшін ерекше алғыс айтамыз. Демеушілеріміздің жанашырлығы мен қолдауы талантты оқушылардың әлемдік деңгейдегі білім және технология алаңдарында өз әлеуетін көрсетуіне үлкен мүмкіндік сыйлап отыр.
Жас физматтықтардың жарқын болашағына инвестиция салып, олардың үлкен армандарына сенім білдіріп келе жатқан қордың еңбегі — өскелең ұрпақтың дамуына қосылған маңызды үлес.

FIZMAT Robotics командасын FIRST Championship — FIRST Tech Challenge чемпионатындағы Franklin Division аясында Reach Award Winner марапатын иеленуімен құттықтаймыз. Бұл — командалық жұмыстың, көшбасшылықтың, әлеуметтік белсенділіктің және STEM-қоғамдастықты дамытуға қосқан үлестің айқын нәтижесі.

FoxSlide командасына да табандылығы, лайықты өнер көрсетуі және үздіксіз дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз. Бұл халықаралық тәжірибе болашақ инженерлік жобалар мен жаңа жетістіктерге берік негіз боларына сенімдіміз.

Алда командаларды жаңа мақсаттар күтіп тұр: техникалық дайындықты одан әрі жетілдіру, роботтарды дамыту, бағдарламалау мен инженерлік дизайнды күшейту, outreach-бағытын кеңейту және халықаралық аренада жаңа белестерді бағындыру.

FIZMAT өз командаларымен мақтанады!

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    08
    Jun
    26

    Хабарландыру!

    Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалының 8-сыныбына білім беру грантына үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 10 маусымда өтеді. Конкурстық комиссия белгілеген тәртіпке сәйкес…

      18
      May
      26

      7-сыныптарға арналған конкурстық іріктеу нәтижесі туралы ақпарат

      12026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді….

        16
        May
        26

        7-сыныптарға арналған білім беру гранты бойынша «РФММ» КеАҚ филиалдарына конкурстық іріктеу туралы ақпарат

        2026 жылғы 25 сәуірде «РФММ» КеАҚ-тың Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының 7-сыныптарына білім беру гранты негізінде оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу өткізілді. Конкурстық…

          05
          May
          26

          FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне жазылыңыз!

          Құрметті достар! Сіздерді FIZMAT STEM Lab: English Edition жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз! Қатысу шарттары: Ағылшын тілі бойынша онлайн тест тапсырыңыз. Нәтиже 50% және…

            23
            Apr
            26

            Қабылдау емтиханы туралы ақпарат

            Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуірде өтеді. Тіркелу және емтихан…

              23
              Apr
              26

              Хабарландыру

              Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…

                06
                Apr
                26

                «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирінде топ жарғандар

                Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі нағыз интеллектуалды тартыс алаңына айналды.Екі күн бойы қатысушылар 11 турдан…

                  03
                  Apr
                  26

                  Ашық есік күні және Байқау тесті

                  Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!       Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы Сіздерді 2026 жылғы 11 сәуірде өтетін ашық…

                    27
                    Mar
                    26

                    Астаналық РФММ оқушысы әлемнің үздік университеті — Harvard University грантының иегері атанды

                    Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University университетіне оқуға қабылданды. Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық…

                      26
                      Mar
                      26

                      РФММ оқушылары республикалық олимпиадаларда биік белестерге жетті!

                      Астана РФММ Мақтаныштары: Республикалық Олимпиада Жеңімпаздары атанды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы республикалық мектеп (РФММ) оқушылары кезекті рет биік белестерді бағындырды! Олимпиада шыңын бағындырған…